«ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ»

Бүгінгі күні қоғамдық са­наны, әлеу­меттік саясатты жаң­ғырту міндеттерін айқындаған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясы да­м’уы­ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабыл­данған. Осы орайда, Түркістан қаласының көпсалалы медицина колледжінің студенттеріне этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында қала депутаты Ақиқат Абдулаевтың қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде Ассамблея әрдайым тұ­рақтан­дырушы және біріктіруші рөл атқарып келеді және еліміздегі бейбіт­шілік пен келісімнің шынайы кепілі болып қала бермек.