Авторские архивы: editor

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Күншуақ» мөлтек ауданында заманауи ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Бұл жаңа алаңша асыр сала ойнаған балдырғандардың тілегі. «Балалар жылы» аясында ашылған алаңша олардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға зор мүмкіндік береді. Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабынды төселген. Орындықтар мен қоқыс құтылары да орнатылған. Айта кетерлігі, Түлкібас аудан әкімі Нұрлан ...

Читать далее »

САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Сауран ауданында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, «Спорт — денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды. Сайыс ауылдық округ тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өтті. Марафонға ауданнан 800-ге тарта азамат қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Сауран ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысып, жарысқа қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады. Марафонда өзгелерден озық келгендер марапатталып, ...

Читать далее »

ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР!

Қыркүйек айында бокстан Арыс қаласында өткен Бейсен Онтаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде түркістандық өрендер олжалы оралған. 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы сайыста Нұрасыл Мырзан мен Мұхамедәлі Пазылхан чемпион атанса, Нұрасыл Даниярұлы 2-ШІ орынды иеленді. Бапкерлері — Марат Сәрсенбаев, Ағабек Алтыбаев. Сонымен қатар, Сайрам ауданында бокстан өткен Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне қатысқан Түркістан қалалық №1 БЖСМ-нің спортшылары оза ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан қаласында «25 қазан – Республика күні. Кеше. Бүгін. Ертең» атты дөңгелек үстел өтті. Келелі басқосуда Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды. Жиынға ғалымдар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар қанатының өкілдері қатысты. Кездесуде алғаш болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Қазақстанның егемендігі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауы басталды. Ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, еліміздің танымал жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. – Киелі Түркістанда Тұран үнін асқақтататын халықаралық байқау өтіп жатыр. Біріншіден ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атынан шын жүректен фестивальдің ашылуымен құттықтаймын және барлық қатысушыға сәттілік тілеймін! ...

Читать далее »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов, комиссия мүшелері, құқық қорғау, мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қала/аудан әкімдері қатысты. Агенттік әр аймақта белең алған жемқорлық фактілерінің негізінде Сыбайлас ...

Читать далее »

С.АХМЕТЖАНОВ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов кәсіпкерлердің құқығын қорғау және қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралатынын мәлім етті. Басқосудың басты мақсаты — кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері мен өзара іс — қимылдың жаңа форматын талқылау. Диалог алаңында облыстық ...

Читать далее »

«ФАРАБ» КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелер қатарына қосылды. Осындай айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Махаббатым кітап – мамандығым кітапханашы» атты іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыстық кітапханамен қатар, Кентау мен Түркістан қалалық, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде ...

Читать далее »

ӘЛИХАН СМАЙЛОВ- ТҮРКІСТАНДА

Қараша айында сыбайлас жемқорлардан алынған ақша мектеп құрылысына бағыттала бастайды – Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі ағымдағы ахуал, негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Сонымен қатар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, мәдениет және ...

Читать далее »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті Әбілсейіт Дүйсебаев түркістандық спортшыларды қабылдады. Жуырда Арменияның астанасы Ереванда өткен спорттық самбо және жауынгерлік самбо күресінен және Болгарияның София қаласында әйелдер күресінен жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді. «Түркістан облысында 3 жылға жақын уақыт аралығында Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып, толағай табыстарға қол жеткіздік. Спортшылардың ...

Читать далее »

ОБЛЫСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 1200-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мәлім етті. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, облыста Республика күнін атап өтуде елдік пен бірлікті дәріптейтін қайырымдылық, экологиялық және патриоттық акцияларға басымдық берілуде. Сондай-ақ мерекенің мән-маңызын айшықтау бағытында салтанатты жиындар, концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, дөңгелек үстел, кітапхана көрмелері мен музейлерде экскурсия, спорттық шаралар т.б. ауқымды шаралар ...

Читать далее »

АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫ ТҮРКІСТАНДА

Түркістанға Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж кезекті рет жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдап, келіссөздер жүргізді. Кездесуде АҚШ консулы Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. Адам құқығы, адам саудасы, су мәселесі, жаңа қуат көздерін пайдалану, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті мағлұмат алды. – Жылы ...

Читать далее »

Мұғалімдер арасында спартакиада өтті

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. 17-18 қазан аралығында жалғасқан спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысында Түркістан қаласының құрама командасы 1-орынға, Сайрам ауданына келген ұстаздар 2-орынға, Сауран ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған жүлдегерлерге ...

Читать далее »

БІЛІКТІ ДӘРІГЕР МҰҚАН ЕГІЗБАЕВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен облысқа белгілі медицина саласының майталманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұқан Егізбаевтың 60 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілмек. Медицина саласының білгірі осы уақытқа дейін талай шәкірт тәрбиелеп үлгерді. Дертіне дауа іздеген талай жанның алғысын алған, алтын қолды дәрігер 2020 жылы өмірден өткен болатын. Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 21 қазан күні Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері бизнес идеяларын жүзеге асыру бойынша 400 АЕК көлемінде 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оның ішінде, 29 азамат жастар болса, 37 азамат осал топтағы кәсіпкерлер. Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгендердің бірі — бес баланың анасы Камила Қарашаева. Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан көпбалалы ана ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. – Сіздерді 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани келісім күні өздеріңізбен келелі кеңес құрып, пікір алмасуды жөн ...

Читать далее »

Түркістанда Рухани келісім күніне орай спорттың төрт түрінен сайыс өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Яссы» спорт кешенінде Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден — үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЕУРОПА МЕН АЗИЯ ӘНШІЛЕРІ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІН ШЫРҚАМАҚ

Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніде 19-20 қазан күндері Түркістан облыстық мәдениет басқармасы Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауын өткізеді. Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын байқау биыл алғаш рет офлайн түрде өткізіледі. Фестивальге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАР ЕККЕН АҒАШТАРДЫҢ ЖЕРСІНУІ 80%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Түркістанда көгалдандырудың түрлі жобалары жүйелі жүзеге асырылуда. Өткен жылғы он күнге жалғасқан «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК» отбасылық эко-акциясы аясында түркістандықтар жүз мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды. Игі шараға қала тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялылар, ардагерлер және қала тұрғындары атсалысты. Қаланың жасы мен қарты қатысқан шарада егілген көшеттердің сексен пайызы қазірде көгалданды. Көгалданған ағаштарға ерікті тұрғындардың өздері ...

Читать далее »