ЖОЛДАУДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын талқылау бойынша » Отбасы және балалық шақ институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру» тақырыбында Түркістан қаласы «Балуан шолақ» спорт кешенінде спорт саласының өкілдерімен қала тұрғындарының кездесу шарасы болып өтті.

Кез келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болуын қалайды. Мемлекеттің ертеңгі күн тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру жолдары жан жақты талқыланды.

Тәуелсіз мемлекетімізде көптеген ұлттар мен халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы қамтамасыз етіліп келеді. Қазақстан олардың бәрінің Отаны болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар арасында отаншылдық рухта тәрбиелеу міндеті тұр. Жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды .

Әсіресе, өз халқыңның тарихын, оның өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу — патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады.

Кездесу барысында жиналғандар  осы тақырыпта кеңінен сөз қозғап, сөзден іске көшуге уағдаласты.