Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жас мамандары Темірлан ауылындағы «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді. “Ордабасы биігінде 1726 жылы Орда тігіліп, жоңғар басқыншылығына қарсы қол жиналған. Бұл жиын қиын жағдайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан аса маңызды оқиға болып саналады”, — деді мұражай қызметкерлері. Қазақ даласында орын алған ...
Читать далее »Түркістан облысы
Сарыағаштық дзюдошы қыз Қазақстан чемпионы атанды
Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Онда Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол осымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Бірінші рет 2017 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Айман Ибрагимова Сарыағаш аудандық №2 ...
Читать далее »Түркістан облысының медицина мамандары білімдерін Түркияда жетілдірмек
Дәрігерлердің біліктілігі – басты назарында. Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау. Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне ...
Читать далее »Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды
Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап. Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды. Дүниежүзілік мұра ...
Читать далее »Ордабасы ауданының полиция бастығы халықпен онлайн кездесті
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев 2020 жылы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауданда атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша баяндама жасап, карантин талаптарына сай онлайн режимінде аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Аудан аумағында 9 полиция учаскелік тірек бекеті, 21 қызметтік автокөлік бар, жалпы 116 полиция қызметкері ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жүйелі жұмыс нәтижесінде былтыр қылмыс ...
Читать далее »Келісіп пішкен тон келте болмас
Халқымыздың «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген даналығы ХХІ ғасырда да мәнін жойған жоқ. Қай мәселенің болсын артын дауға айналдырмай, ақылдаса, кеңесе отырып шешу — елдігіміздің іргесін бекіте түсері сөзсіз. Бабаларымыз айтқандай, «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» ЕЛ БІРЛІГІ деген асыл қазынамызға сызат түсіруге әсті болмайды. Осы ақиқатты тереңнен сезінген болса керек, Шымкент қаласының бүгінгі басшылығы қоғамның қызу талқысына ...
Читать далее »Ордабасыда Елбасының бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды
Ордабасы ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған жобалардың атқарылу деңгейін сараптау мақсатында жұмысшы топтың отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев төрағалық еткен алқалы жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, аудандық маслихат депутаттары, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, дербес бөлім басшылары, Жастар орталығының, Өлкетану мұражайының басшылары, Түрік ...
Читать далее »Ордабасыда тасқынның алдын-алу жұмысы қарқын алды
Ордабасы ауданында тасқын судың алдын алу бойынша каналдарды тазалау, тоспалардың техникалық жағдайын тексеру, бекіту және ауыстыру, каналдардың жиектерін бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков бұл бағытта атқарылған тірліктерді қатаң бақылауына алып, күнделікті арнайы тексеруде. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл округ әкімдері тарапынан тұрғындарға аулаларындағы арық-атыздарды тазалау қажеттігі ескертіліп, түсіндірме шаралары жүргізілді.
Читать далее »Әлия Юсупова ҚР гимнастика федерациясының басшысы болды
Танымал гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Сайлау федерацияның конференциясы барысында өткізілген, деп хабарлайды olympic.kz Әлия Юсупова өзі үшін бұл тосын сый болғанын айтады. «Бұл мен үшін де және көпшілік үшін де күтпеген жайт болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау — жұмысымдағы жаңа кезең, жаңа сынақ. Маған сенім артқандарыңыз үшін Ақтота Рахметоллақызы басқаратын Мәдениет және спорт ...
Читать далее »«Түркістан – арена» UEFA талаптары сай сертификациядан өтті (видео)
Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-Арена» стадионын УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-Арена» стадионында өтеді. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жауапты мачтарды өткізуге əрдайым дайын екендіктерін жеткізді. Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның төсеніші Канададан әкелінген және қазір арнайы мамандардың ...
Читать далее »Малды қарапайым әдіспен семіртуде
Аймағымызды, қала берді елімізді азық түлікпен қамтуда Сайрам ауданының үлесі мол. Мұнда халыққа қажет ауыл – шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Оның қатарында ерте пісетін көкөністермен қатар ет өнімдерінің де үлесі мол. Солардың бірі — Манкент ауыл округіндігі «Абдулазиз» шаруа қожалығы. Мал бордақылап, ет өткізумен айналысатын мекеменің жетістіктері де көп. Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді. ...
Читать далее »Шымкентте вакцинаны алғаш болып қала әкімі Мұрат Әйтенов салдырды
Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Бұл үшін қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы вакцина қабылдаған алғашқыларының бірі болды. №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы. «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау ...
Читать далее »Түркістан облысында құс фабрикасынан жүзден астам күркетауық ұрлаған (видео)
Құс ұрлаймын деп сотталатын болды. Түркістан облысында құс фабрикасынан жүзден астам күркетауық ұрлаған азаматтар ұсталды,деп хабарлайды Xnews KTK телеарнасына сілтеме жасап. Ордабасы ауданындағы құс өсіріп етін сатумен айналысатын фабрикаға қос күдікті таңғы сағат төртте кірген. Бейнекамерасы көп, күзеті мықты жерден бір түнде 102 күркетауықты алып шығыпты. Әр тауықтың бағасы шамамен 11 мың теңге тұрады. Жәбірленушілер 1 миллион 170 мың теңгеге ...
Читать далее »Ордабасы ауданында оңды істер жалғасын табады (видео)
Өткен жылы Ордабасы ауданында оңды істер өте көп орын алды. Соған орай жетістіктер де мол болды. Табысты істер барлық салада көрініс беріп, аудан халқы жылды тамаша қорытындылады. Аймақта дара шыққан ауданда биылғы жылы да жарқын істер қайтадан жалғасын таппақ. Ордабасылықтар үшін өткен жыл өте мерекелі де, берекелі жыл болды. Соның негізінде аудан халқы тышқан жылын өте зор табыстармен шығарып салды. ...
Читать далее »Полицейского за селфи с предполагаемым насильником сняли с должности
Полицейского за селфи с подозреваемым в насилии сняли с должности, передает Xnews. Полиция Шымкента установила, что их сотрудник сфотографировался с подозреваемым в тяжком преступлении. Установлено, что снимок сделан в служебной машине во время доставления подозреваемого в подразделение полиции.Руководством департамента такое поведение участкового инспектора полиции расценено как неподобающее для офицера.В результате служебной проверки решением дисциплинарной комиссии данный сотрудник снят с занимаемой должности за ...
Читать далее »5 млн тенге припрятал в карманах от сообщников грабитель во время налета
Енбекшинский районный суд вынес приговор жителю Алматинской области 38-летнему Даурену А., признанному виновным в грабеже, в особо крупном размере, сообщает Xnews со ссылкой на приговор Енбекшинского районного суда. Как установлено в ходе следствия, осенью прошлого года Даурен А, вместе с тремя другими сообщниками, приехали в Шымкент из Алматы специально планируя совершить ограбление какой-нибудь фирмы. С этой целью они стали высматривать ...
Читать далее »Балуанның шаңырағы шағын музейге айналды
Түркістан облысында күш атасы Қажымұқанды пір тұтатын жерлестері Отырар ауданындағы тұрған шаңырағы бүгінде шағын музейге айналған. Бұл шара Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 146 жыл толуына орай ұйымдастырылған екен. Талайды тамсандырған алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасов Отырар жеріндегі Ақтөбе ауылындағы осы шаңырақта өмірге келген. Кейіннен отбасы мүшелері Ақмола облысына көшіп кеткен. Онда біраз жыл тұрып, оңтүстікке оралған. Осы үйді паналапты. Қайтыс болар ...
Читать далее »По целому «букету» обвинений судят директора школы в Шымкенте
В Енбекшинском районном суде Шымкента началось судебное разбирательство в отношении директрисы средней школы №34, сообщает Xnews со ссылкой на медиа-портал Caravan.kz. Женщине предъявляются обвинения по трем статьям Уголовного кодекса: ч. 3 ст. 189 (присвоение или растрата вверенного чужого имущества), ст. 190 (мошенничество, совершенное лицом, уполномоченным на выполнение государственных функций либо с использованием своего служебного положения), а также ч. 3 ст. ...
Читать далее »Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау бала босанды
Түркістан облысы Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Сайрам аудандық орталық ауруханасына жүктілігіне байланысты жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне төнген қауіпке байланысты, кесарь тілігімен босандыруға бел буады. Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, перзетханада дәрігерлердің бақылауында. Нәрестенің де ...
Читать далее »Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр
Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр. Бұл туралы кәсіпкерлік жөніндегі аймақтық жобалық кеңес отырысында мәлімденді. Кеңес отырысы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өтті. Жиын барысында Екінші деңгейлі банктер мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарының басшыларымен «қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Айта кету керек, ...
Читать далее »