Түркістанда санитарлық тазалық маңызды

Түркістан қаласы дамыған сайын көптеген мәселеге басты назар аударуға тура келеді. Соның бір саласы қатарында шаһардың санитарлық тазалығы өз деңгейінде жұмыс атқаруда.

Сол арқылы таза қала, таза ауа қалыптастырудағы өз әлемін жасауда. Мәселен 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктері жүргізуде.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-да жалпы 311 қызметкер

(17 әкімшілік қызметкер, 8 бригадир, 286 жұмысшы),46 арнайы техника, «ШымкентСпецкомплекс» ЖШС-да 250 қызметкер (12 әкімшілік қызметкер, 3 бригадир, 235 жұмысшы), 35 арнайысанитарлық жұмыстармен айналысатын техникалар жұмыс атқарады.

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын, 875 көше бар. Оның ішінде, 787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалған көшелер қаланың ең шеткі аумақтарында орналасқан. Үйлер толық салынбаған.

787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қаған 651 көшесі қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп отырылады. 787 көшенің 39 көшесі орталық маңызы бар көше болып саналады.

Түркістан қаласы санитарлық тазалығының сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың наурыз айында «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС тарапынан Шауғар мөлтек ауданының 152 көшені тазалау жұмыстарына «Марзия» ЖК-мен және Яссы мөлтек аудандағы 144 көшені тазалау жұмыстарына «Бағлан» ЖК-мен келісім-шарт түзілді.

Сонымен қатар «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС тарапынан Бекзат м/а 30 көше, Сауран м/а 54 көшені, Отырар м/а 40 көшені, Бірлік м/а 100 көшені тазалау жұмыстарына жеке кәсіпкермен келісім-шарт түзіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-мен «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-сы, көшелерді тазалау жұмыстарын «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ тарапынан бекітілген кестеге сәйкес 1 кезектегі көшелерді күнделікті, 2-ші кезектегі көшелерді аптасына 2-3 рет, ал шеткі көшелерді жеке кәсіпкерлер тарапынан аптасына 1 рет тазалануда.