Түркістанда есірткіге тәуелділерді оңалту бөлімшелері ашылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда есірткіге тәуелділерді оңалту бөлімшелері ашылады

Қазақстанда жыл соңына дейін барлық өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелер жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының директоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков хабарлады.

Қазіргі уақытта мұндай бөлімшелер Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған. Барлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

«Осындай бөлімдердің бірі қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында ашылады. Жыл соңына дейін басқа өңірлерде осындай бөлімшелер ашу жоспарланған», — деді Қуаныш Алтынбеков.

Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелерде есірткіге тәуелділіктен арылуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар жүргізіледі.

Сондай-ақ, бұл бөлімдерде пациенттер есірткіні қайта қолдануға жол бермейтін төзімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік дағдыларды, жеке қасиеттерді қалпына келтірумен айналысады.

«Бұл бөлімшелерде есірткіге өздері тәуелді болған, осы жағдайдан шыққан және өз тәжірибесіне сүйене отырып, пациенттердің сауығуына көмектесетін қызметкерлер жұмыс істейді», — деп толықтырды Қуаныш Алтынбеков.

x

Check Also

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...