№3 аудандық бөлімшенің 5-дәрежелі слесарі Момбеков Ельдос жылу жүйесі саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандардың бірі. 2008-2011 жылдары ол Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Жылумен қамтамасыздандыру жүйесі мен жылу техникасы қондырғыларын пайдалану» мамандығы бойынша білім алып, кәсіби жолын жетілдірді. Ал еңбек жолын Ельдос Ергешович 1998 жылдан бастап жылу жүйесі саласында бастап, осы уақытқа дейін түрлі лауазымдарда жұмыс атқарып ...
Читать далее »Қоғам
Шымкентте көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде ресімделуі қатаң бақылауда
Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – тіл саясатының басты мақсаты. Осы орайда 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша, жарнама, мәзір және бағалар мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі міндеттелген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам нысан зерделеніп, 2380 кәсіпкерге кемшіліктерді түзету туралы ...
Читать далее »Шымкент: Қажымұқан атындағы стадион жаңа келбетке ие болды
Жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 ...
Читать далее »Қазан айында Шымкентте бірқатар мерекелік шаралар өтеді
1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Қарттар үйлерінде концерттер өткізіліп, басты салтанатты жиын сағат 12:00-де «Royal Rose» мейрамханасында өтеді. Мұнда түрлі салада еңбек еткен 200-ден астам ардагерге сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталады. 5 қазан – Ұстаздар күніне орай 3 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара өтеді. Жергілікті өнерпаздар мен жастар ұстаздарға арнаған өнерін паш етіп, үздік педагогтарға ...
Читать далее »Шымкентте мектеп формасына қатысты талаптар күшейтілді
Шымкент қаласында жаңа оқу жылына орай мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау мәселесі басты назарда тұр. Қала әкімдігі мен білім басқармасының бастамасымен 2025–2026 оқу жылына арналған арнайы іс-жоспар бекітіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қаладағы 62 жалпы орта мектепте (оның ішінде 44 мемлекеттік, 18 жекеменшік) 409 оқушының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамай жүргені анықталды. Негізінен, мәселе орамал тағумен байланысты. ...
Читать далее »Заңсыз қоқыс төккендер — жауапкершілікке тартылуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында тұрақты түрде тазалық іс-шаралары жүргізілуде. Соның ішінде қала төңірегіндегі жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында полиция және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі рейдтік шараларды күшейткен болатын. Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы нысандарды аралау барысында заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігінің құрылыс қалдықтарын тасып жатқаны ...
Читать далее »Жолдауды жүзеге асыру ортақ міндет
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттауға, тарқатуға арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдар басшылары мен өкілдері, мәслихат төрағасы мен депутаттары және аудан азаматтары қатысты. Жиынды аудан әкімі Азат Оралбаев ...
Читать далее »Адал еңбек иесі – Қырықбаев Қуат Фазылұлы
Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, қазіргі Қарабұлақ ауылының тумасы Қырықбаев Қуат Фазылұлы – ұзақ жылдар бойы бір мекемеде адал еңбек етіп, кәсіби жолында табандылық танытып келе жатқан үлгілі маман. Қуат Фазылұлы 1969 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. 1976 жылы Карл Маркс атындағы мектептің табалдырығын аттап, 1986 жылы аталған білім ордасын тәмамдады. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастап, 1987–1989 жылдар аралығында Отан ...
Читать далее »Түркістан облысы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын. Жұмыстар Өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес аймақта жылыту маусымы 148 тәулікті құрайды. Облыс аумағында жылыту маусымы ауа райына байланысты 15 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек, Созақ, Сайрам аудандарында жылу жүйелерін қазан айының 15-нен бастап қосу жоспарланған ...
Читать далее »Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды
2025 жылғы 26 қыркүйек күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Мәслихат төрағасы сессия ...
Читать далее »Әкім кетіп қалмаса екен…
Такси шақырғам. Жас жігіт келді. Әңгімелесіп келеміз. Біздің шымкенттіктердің алғашқы сұрағы «не елсің?» ғой. Трайбалистік деуге келмейді. Қарға тамырлы қазақ, әйтеуір өзіне жақын тарту амалы. Кемінде нағашы, құда, жекжат, жұрағатқа тартып, туысқан қылып алады. Аты Дәулет. Руы — шымыр. Менің де бара жатқан үйім шымыр Аманбектің үйі еді. Әңгімеміз жарасып кетті. — Әкім кетіп қалмаса екен. Қаланың әкімін айтамын. — ...
Читать далее »«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Халық заңгері» акциясы өтті
Шымкент қаласында тұрғындарға құқықтық кеңес беру мақсатында дәстүрлі «Халық заңгері» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындарына адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар мен түрлі мемлекеттік мекеме өкілдері тегін кеңес берді. Шымкент қаласы адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты Абдығани Ибатов іс-шараның мақсатына тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі акция қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. «Қазір тұрғындар әртүрлі мәселелермен келіп жатыр. ...
Читать далее »«Даналық көпірі» жастар мен қоғамды тоғыстырды
Шымкентте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесулер өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – Ақсақалдар кеңесі, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы сындарлы диалогты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді шешудің нақты тетіктерін айқындау, жастарды азаматтық белсенділікке тарту және олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Алғашқы кездесу Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ...
Читать далее »Шымкенттегі «ТЭЦ-3 Энергоорталықта» еңбек майталмандары марапатталды
Шымкент қаласында Еңбек күні мерекесіне орай «ТЭЦ-3 Энергоорталық» кәсіпорнында іс-шара өтті. Бұл күн – қарапайым еңбек адамының қадірін ардақтап, тынымсыз еңбегі арқылы қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналған. Іс-шара барысында өндірістің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кәсіпорын цехтары мен бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ұжымның күнделікті жұмысы мен еңбек мәдениеті жайында жан-жақты мағлұмат алды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шара ...
Читать далее »Түркістанда кәсіподақ мүшелері тазалық акциясына атсалысты
Бүгін Түркістан қаласында және Түркістан облысының бірқатар аудандарында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Таза Қазақстан — болашақ үшін» атты ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылғае. Акцияның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару, экологиялық ...
Читать далее »День труда: Олжас Бектенов от имени Президента вручил награды представителям рабочих профессий
Премьер-министр принял участие в республиканском форуме «Еңбек адамы – Ел мақтанышы», посвященном празднованию Дня труда. От имени Главы государства Олжас Бектенов вручил государственные награды представителям рабочих профессий, внесшим вклад в укрепление и развитие экономики Казахстана, сообщает Primeminister.kz. Обращаясь к участникам форума, Премьер-министр подчеркнул, что обозначенный Президентом на Национальном курултае принцип «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» стал одним из ...
Читать далее »Еңбек күні: Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапаттар табыстады
Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасының нығаюына және дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап ...
Читать далее »ҚХА-ның 30 жылдығы: Түркістанда «Ассамблея – елдік пен бірліктің ұйытқысы» атты мерекелік іс-шара өтті
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ассамблея – елдік пен бірліктің ұйытқысы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстық ҚХА жанындағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің аудан, қалалардағы төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы мен ...
Читать далее »Түркістан облысы параканоэдан Қазақстан чемпионатында топ жарды
23-26 қыркүйек аралығында Түркістандағы есу арнасында параканоэден Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 5 өңірінен спортшылар келіп, түрлі сынақтар бойынша жүлделерді сарапқа салды. Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 4 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. 200 метрлік қашықтықта KL2 және VL3 men санаттарында Бибарыс Спатай екі бірдей алтын медаль иеленді. Сонымен қатар ...
Читать далее »ЖИ мүмкіндіктері: Шымкентте жастар мен мамандар бас қосты
Қала басшылығының тапсырмасына сәйкес Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру және талқылау мақсатында арнайы кездесу өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Жиын барысында экономика саласында жасанды интеллектіні қолдану тақырыбы ерекше қаузалды. Кездесуге Шымкент HUB аймақтық бөлім басшысы Құрманғазы Мұратов, «Азия Сервис» компаниясы директорының орынбасары Александр Андреевич, сала мамандары және студенттер қатысты. Спикерлер жасанды ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары