Заңсыз қоқыс төккендер — жауапкершілікке тартылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Заңсыз қоқыс төккендер — жауапкершілікке тартылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында тұрақты түрде тазалық іс-шаралары жүргізілуде.

Соның ішінде қала төңірегіндегі жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында полиция және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі рейдтік шараларды күшейткен болатын.

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы нысандарды аралау барысында заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігінің құрылыс қалдықтарын тасып жатқаны анықталды.

Нысан басына учаскелік полиция қызметкерлері шақырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 78 640 теңге айыппұл салынып, қайта қалпына келтіру шарасы қабылданды.

Жалпы жыл басынан бері қала аумағында қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды. Соның ішінде 6273 дерек қоғамдық орындарды ластауға, ал 2051 дерек абаттандыру талаптарын бұзуға қатысты тіркелген.

Нәтижесінде бірқатар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер заңсыз қоқыс төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыптұраққа қойылды. Бұған қоса, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Түркістан қалалық әкімдігі мен полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді бақылау шаралары жалғасуда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...