Шымкентте мектеп формасына қатысты талаптар күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте мектеп формасына қатысты талаптар күшейтілді

Шымкент қаласында жаңа оқу жылына орай мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау мәселесі басты назарда тұр. Қала әкімдігі мен білім басқармасының бастамасымен 2025–2026 оқу жылына арналған арнайы іс-жоспар бекітіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қаладағы 62 жалпы орта мектепте (оның ішінде 44 мемлекеттік, 18 жекеменшік) 409 оқушының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамай жүргені анықталды. Негізінен, мәселе орамал тағумен байланысты.

Бұл жағдайды шешу үшін барлық мектептерде профилактикалық кеңестер құрылып, оның құрамына мектеп қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары мен теолог мамандар енгізілді. Кеңес мүшелері ата-аналармен кездесіп, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және бірыңғай форма талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, мектеп формасын сақтамаған оқушылардың тізімі жасалып, олардың ата-аналары туралы деректер жинақталды. Мұндай оқушылар мектепішілік есепке алынды.

Айта кетейік, 2021 жылы ашылған «Интеллект» физика-математикалық лицейінде бүгінде 659 оқушы білім алуда. Бұл білім ордасында барлық оқушылар белгіленген форма талаптарын толық сақтап келеді.

Алдағы уақытта аталған талапты орындамаған ата-аналарға қатысты шара қолдану қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабы 2-тармағына сәйкес, ата-аналардың жауапкершілігін қарау үшін құжаттар Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолданатын болады.

Өткен оқу жылында да бұл мәселе күн тәртібінен түспеген еді. 2024–2025 оқу жылында қаладағы 74 мектепте 563 оқушы мектеп формасын сақтамағаны анықталып, 326 ата-ананың құжаттары құзырлы органға жолданған. Соның нәтижесінде 90 әкімшілік іс қозғалып, 63 ата-анаға ескерту беріліп, 27 ата-анаға айыппұл салынған болатын.

Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – жазалау емес, мектептегі бірыңғай тәртіпті қалыптастыру және балалардың ортада теңдей жағдаймен білім алуына мүмкіндік жасау.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/0BWUpHWDaXQ?si=ObcnD-KnaQUa2X3P

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...