Шымкентте көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде ресімделуі қатаң бақылауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде ресімделуі қатаң бақылауда

Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – тіл саясатының басты мақсаты. Осы орайда 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша, жарнама, мәзір және бағалар мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі міндеттелген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам нысан зерделеніп, 2380 кәсіпкерге кемшіліктерді түзету туралы ұсынымдар берілді. Оның ішінде 120 нысан заң талаптарына сәйкес реттелді, қалғандары түзету үстінде. Мәселен, «Мадлен», «Мизам», «Nanduk», «Ankara» сияқты танымал дәмханалардың мәзірлері мен көрнекі ақпараттары мемлекеттік тілде қайта рәсімделді.

Заңға сәйкес, жарнама мен көрнекі ақпарат алдымен қазақ тілінде, кейін қажет жағдайда басқа тілдерде берілуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда кәсіпкерлерге айыппұл салынады: шағын бизнес үшін – 5 АЕК, орта бизнеске – 10 АЕК, ал ірі кәсіпорындарға – 25 АЕК көлемінде.

Тек соңғы айда «Е-Өтініш» порталы арқылы 112 жарнама жобасы келісімге ұсынылып, оның 97-сіне түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Арнайы әдістемелік құралдар дәмханалар мен мейрамханаларға таратылып, WhatsApp, «2ГИС» және әлеуметтік желілер арқылы да жеткізілді.

Дегенмен қала көшелерінде заңға сай келмейтін жаңа жарнамалар әлі де кездеседі. Сондықтан басқарма жарнама агенттіктеріне және кәсіпкерлерге мемлекеттік тіл талаптарын қатаң сақтауды ескертіп отыр.

Бұл шаралар мемлекеттік тілдің беделін арттырып қана қоймай, қала мәдениетін де айшықтай түспек.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/0BWUpHWDaXQ?si=ObcnD-KnaQUa2X3P

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...