Жолдауды жүзеге асыру ортақ міндет — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолдауды жүзеге асыру ортақ міндет

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттауға, тарқатуға арналған кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдар басшылары мен өкілдері, мәслихат төрағасы мен депутаттары және аудан азаматтары қатысты.

Жиынды аудан әкімі Азат Оралбаев ашып, Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. «Президент Жолдауында айтылған әрбір бастама – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, елдің әлеуетін арттыруға арналған нақты қадамдар», – деді аудан басшысы.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бекмұрат Найманбаев Жолдаудың ғылыми-инновациялық маңызына тоқталып, цифрландырудың жаңа кезеңі елдің дамуына тың серпін беретініне назар аударды.

Келесі кезекте Ордабасы аудандық Әкелер мектебінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Лесбек Жүсіп ел бірлігі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі Жолдаудың мәніне тоқталды. Ал аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Жолдаудағы өзге де маңызды бағыттарға кеңінен тоқталып өтті.

Өз кезегінде «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары, аудандық «Jastar Ruhy» жастар қанатының жетекшісі Әділет Әбухайыров Жолдаудың жастарға арналған жаңа мүмкіндіктері жайлы ой бөлісіп, олардың ел дамуына белсенді араласуы қажеттігін айтты.

Кездесуді қорытындылаған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев Жолдаудың әрбір бағыты қазақстандықтардың болашағын айқындайтынын, сондықтан оны іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.

Жиын барысында қатысушылар Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін нақты іс-шаралар қолға алынатынын атап өтті.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...