Түркістан облысы

Д,Сатыбалды Кореяда білім алып жатқан жастармен кездесті

Түркістан облысынан барған делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының бірі Woosong университетінің Солбридж халықаралық мектебінде болды. Дархан Сатыбалды оқу ордасының студенттік қалашығында болып, сонда білім алып жатқан қазақстандық жастармен жүздесті. Жоғары оқу орны өндіріске негізделген техникалық мамандар дайындайды. – Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапарымыз аясында еліміздің көптеген жастары осы оқу орнында білім алып ...

Читать далее »

Түркістан облысының делегациясы Кореялық кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Делегация басшысы Оңтүстік Кореяның бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сапар барысында облыс әкімі Doosan Enerbility компаниясының вице-президенті Ким Чон Гванмен кездесті. Тараптар кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктерін талқылады. Келіссөздер жүргізді. Онда компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды. ...

Читать далее »

«Қапланбек-Жібек жолы» автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары басталды

Сарыағаш ауданындағы жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-52 «Қапланбек – Жібек жолы» автомобиль жолына мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысанның жұмысы 2023 жылы басталып, биыл шілде айында толық пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, жол бойындағы Жонарық, Жаңақұрылыс, Қарабау, Зортөбе, Жібек жолы елді мекендерінің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынған болатын. Биыл асфальт ...

Читать далее »

Төлебилік шаруа үй іргесінде құлпынай өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған зейнеткер. Ол үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр. — Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді, — деді зейнеткер. ...

Читать далее »

Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

Бүгінде Төлеби ауданында балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі жеке кәсіпкер Нұрлыхан Әшірбеков. Ол басқарып отырған «Шымкент Балық» ЖШС-і жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып танысты. Кәсіпкер 3 гектар аумаққа 7 арнайы бассейн салған. Онда балықтың форель түрінің 3 000 данасын өсіріп жатыр. Жалпы аудан аумағында балық ...

Читать далее »

На 5 га теплицы в Туркестанской области ожидается получить 1 тыс. тонн банановой продукции

Тепличный комплекс ТОО «Gen Group Kazakstan» сельского округа Кайнарбулак Сайрамского района выращивает бананы на площади 5,3 га. По словам владельца товарищества Ислама Алиева, первый урожай можно попробовать в течение 1-2 месяцев. В теплицах, запущенных по турецким технологиям, в прошлом году было посажено 7400 саженцев банановых деревьев. В комплексе, который планирует получать до 1 000 тонн продукции в год, сегодня работают ...

Читать далее »

Түркістан облысында 5 гектар жылыжайдан биыл 1 мың тонна банан өнімі алынбақ

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Gen Group Kazakstan» ЖШС-ң жылажай кешені 5,3 га аумаққа банан өсіріп жатыр. Серіктестік иесі Ислам Алиевтың айтуынша, 1-2 ай көлемінде алғашқы өнімнің дәмін татып көруге болады. Түркиялық технологиялар негізінде іске қосылған жылыжайға 7400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған болатын. Жылына 1 000 тоннаға дейінгі өнім алуды жоспарлап отырған кешенде бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Бұл ...

Читать далее »

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, ...

Читать далее »

Түркістандық ғалымдар телескоп жасап шығарды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында 3D-принтерлер мен өзге де жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды. Зерттеу тобы құрамында жоба жетекшісі Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Құрбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов сынды жас ғалымдар бар. Ғалымдар телескопты студенттермен бірге тексеруден өткізіп, нәтижесінде айдың анық кескіні ...

Читать далее »

Түркістан өңіріне келген шетел туристерінің саны 5 есе артты

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған. Шетелдіктердің басым ...

Читать далее »

Сауранда «Береке басы – Hаурыз» іс-шарасы өтті

Сауран ауданында Ұлыстың ұлы күні аталып өтті. «Береке басы – Наурыз» іс-шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық, аудандық мәслихатының депутаттары мен қонақтары, ардагерлер мен ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен этно мәдени орталықтың өкілдері қатысты. Аудан тұрғындарын әз Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін арнады. Әкімдік алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аудан қонақтары мен тұрғындары наурыз көжеден ...

Читать далее »

Республикалық Ұлттық мектеп лигасына Түркістан облысынан 500-ге жуық оқушы қатысады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 10 сәуір күні Ұлттық мектеп лигасының ақтық республикалық кезеңі басталады. Биыл лига ойындары спорттың 10 түрінен Семей, Астана және Қызылорда қалаларында 5-11 сыныптар арасында өткізіледі. Бүгінде мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілуде. Осы орайда республикалық кезеңге Түркістан облысынан 500-ге жуық оқушыға жолдама берілмек. Лиганың алғашқы республикалық жарыстары Қызылорда қаласында 9-11 сынып оқушылары ...

Читать далее »

Түркістан облысынан Ақтөбе өңірінің су басқан аймақтарына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда. Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары игі іске өз үлестерін қосты. Алғашқы күннің өзінде тұрғындар, мәслихат депутаттары, ...

Читать далее »

Түркістандық оқушылар Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

Бейжіңде Түркістан облысы Nauryzfest өткізді

Бүгін Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Түркістан облысының әкімдігі «NAURYZFEST» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, сәттілік тіледі. Концерт алаңына жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің туристік әлеуеті қамтылған үнпарақтар таратылды. Облыстың шығармашылық ұжымдары қазақ халқының таңдаулы ән-күйі мен биін көрермендерге паш етіп, қошеметке бөленді. Атап айтқанда, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» ...

Читать далее »

Сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті

Түркістан облысына сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті. Өз сөзінде Палата Төрағасы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс тұрғындарымен бірге өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады. «Облыста өңірді дамытуға арналған бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс саласында және басқа да бағыттарда ...

Читать далее »

Түркістандық кітапханашылар Бейжің кітапханасының тәжірибесімен танысты

Биыл Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылына орай 28-30 наурыз аралығында Бейжің қаласында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осы бағытта Түркістан облысының мәдениет және туризм саласы өкілдері арнайы Қытай астанасына барған болатын. Соның ішінде облыстық кітапхана басшылығы Қытай Ұлттық кітапханасына арнайы барып, сондағы тәжірибемен танысты. «Бұл кітапхананың кереметін айтып жеткізу мүмкін емес. Үш қабатта бір мезетте шамамен 500 мыңдай оқырман толып отыр. Бұл ...

Читать далее »

Түркістанда «Ғасыр данасы — Қожа Ахмет Ясауи» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр

Бүгін Түркістандағы оқу ордасында ақын, философ, күллі түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Ашылу салтанатында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова іс-шара мақсатына тоқталып, келген қонақтарға алғысын білдірді. – Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Бүгін қуанышымызда шек жоқ. Себебі біздегі мақсат – ...

Читать далее »

Сауран ауданында агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар кеңінен түсіндірілді

Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаулардың берілу шарттарын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, «Қазсушар» РМК ТФ өндірістік техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Талғат Балабеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Азат Мүйтембаев, «Ырыс» МҰҚ ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекпенбетов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының ...

Читать далее »

Түркістан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша гуманитарлық көмек жинау орыны ашылды

Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары үшін Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз! ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: -Киім-кешек. -Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер). -Гигиеналық заттар. -Азық-түлік -Тұрмыстық заттар. Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі – 5 Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін Маңызды: ...

Читать далее »