Түркістан облысы

Түркістанда жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды

Ағымдағы жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды. Соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алды. Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталды. Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді. Ең жоғары ...

Читать далее »

Шәуілдірде балабақша күзетшісі зорлаған балалар саны көп болуы мүмкін (видео)

Түркістан облысында сұмдық жағдай болған. Шәуілдір ауылындағы балабақша күзетшісі 2 және 4-сыныпта оқитын қыздарды зорлап келген деген күдіке ілінді. Қамауға алынған 33 жастағы тұрғын азғындық жасағанын мойындап отыр. Облыстық полиция департаменті зорланған қыз саны үшеу екенін айтады. Ал ауыл жұрты педофилдің отбасы көшіп кетуін талап етуде. Шәуілдір жұрты үш күннен бері есеңгіреп жүр. Ауылдың 33 жастағы тұрғыны педофил деген күдікпен ...

Читать далее »

Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын. Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9 автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалданып отыр. Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 ...

Читать далее »

Қоғамды өзгерткіміз келсе өзгерісті өзімізден бастағанымыз жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәстүрлі Жолдауын: «Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан ...

Читать далее »

Президент өз сөзінде серпінді жобалар түзуді тапсырды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз халқына жылдағы жолдауын жария етті.Жолдау әрине бір неше тармақтар аясында баршаға белгілі. Мәдениет, туризм саласында еңбек етуіме байланысты елең еттіргені әрине президентіміздің туризм саласы туралы айтқандары. Жолдауда еліміздің туристік әлеуетін пайдалану міндеттелді. Президент өз сөзінде серпінді жобалар түзуді тапсырды. Тиімді қолдау шаралары мен оларды ...

Читать далее »

Нұрлан Әбдіров Созақ ауданына барды

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапармен Созақ ауданына барды. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы әуелі сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кеңес өткізді. — Бүгінгі таңда барлық кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Біздің келгендегі мақсатымыз — аудандардың алдағы сайлауға дайындығын бақылау, учаскелердің жарақтандырылуын, сайлау өткенде заңдылықтардың қатаң ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық — 11 мектеп, 600 орындық — 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық — 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық — 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады. Биыл 29 ...

Читать далее »

Түркістанда діни конфессия басшылары кездесті

Бүгін Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларының қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жиынды Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін күшейту, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту және рухани әлемдегі мәселелер талқыланды. Рухани жүздесуде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан Төлепов, ...

Читать далее »

Түркістандық шаруа құмай дақылынан мол өнім алуды көздеп отыр

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы «Агро кеңес беру орталығының» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев пен агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Бақытжан Құралбаев Шардара ауданы, Ақалтын елді мекеніне іс-сапармен барып, жеке кәсіпкер Бақыт Танагөзовтің егістік алқабында болды. Шаруа қожалығының иесі 20 га. жерге құмай (сорго) дақылын еккен. Мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен азамат зейнет жасына шыққан соң өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Құмай өнімі ыстыққа және ...

Читать далее »

Түркістанда IV халықаралық «Voice of Turan — 2023» байқауы өтеді

ҚР Республика күніне орай, қазан айының 19-20 күндері Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Voice of Turan – 2023» қазақ әндері фестивалі өтеді. Түркістан облысының 5 жылдығына арналған фестиваль мақсаты – шетелдік танымал әншілер арқылы қазақ музыкасын, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын насихаттау. — Түркістанда биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Түркия, ...

Читать далее »

«Отбасы банк» АҚ тұрғын үй коммуналдық мекемесі 504 пәтерге конкурс жариялайды

Түркістан қаласы, ӘІО орналасқан САУРАН тұрғын үй кешені бойынша (1-7 блок) конкурсқа өтінім қабылданады. Құрылыс мердігері-ТОО «КазЭлитСтрой 2050» Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге өтініштер ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан кабылданады. ⏰Конкурсқа өтінім беру уақыты: 09.10.2023-25.10.2023 ж.ж. Шаршы метр бағасы: 180 мың тг. Пәтерлер саны: 504 Пәтер бойынша ақпарат: ▶️1 бөлмелі 168 пәтер — 31 ш.м. ...

Читать далее »

Тұтынушы құқығы бірінші кезекте қорғалатын болады

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары  Заң жобасына сәйкес тұтынушылардың арыз-шағымын қараудың қолданыстағы төрт сатылы алгоритмін өзгерту қажеттелігі ұсынылған. Бірінші кезеңде тұтынушы құқығының бұзылғаны туралы тікелей кәсіпкерге шағымдануға тиіс. Егер келіссөз сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңге өтіп, міндетті ...

Читать далее »

Қазығұртта «Ел тірегі» атты кездесу кеші өтті

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі Қызылсеңгір елді мекенінде «Ел тірегі» атты жауынгерлік кездесу кеші өтті. Аталған шараны «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалы 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырып отыр. Іс-шараға «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы төрағасы Исмаил Аманқұлов, Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Айтубай Райымбай мен бірлестік мүшелері, ...

Читать далее »

Түркістанда қаламгерлермен жыл соңына дейін 20 әдеби кездесу өтеді

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бір топ қаламгермен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сыншы Әрмиябек Айт, Филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, ақын, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, «Turkistan Media Holding» ЖШС-ның басқарушы директоры, журналист Тельман Бейсен ...

Читать далее »

Несиесі төлеу үшін «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдаған

Түркістан облысында өз несиесін төлеу үшін мемлекеттен ақша алып беремін деп тұрғынды алдап, 5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды,–деп хабарлайды Түркістан облысының Полиция департаменті. Жетісай аудандық полиция бөліміне 3 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныстары кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде беріп, 5 миллион теңгеден астам ақша алып, қайтармаған. Содан әр жәбірленушіден қомақты ...

Читать далее »

Түркістанда жас сарбаздар арасында «Біз жауынгер» сайысы өтті

Түркістанда жас сарбаздар арасында өткен «Біз жауынгер» атты сайысының жеңімпаздары анықталды. Аталған сайысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырған. Сайыс 14-15 қазан күндері аралығында Түлкібас ауданы, «Машат Арасан» лагерінде өтті. Жарысқа қатысушылар алғашқы күні пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындау, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газқағарды кию және ...

Читать далее »

Түркістандық ерекше балалар спортпен айналысуға мүмкіндік алды

Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжде оқитын тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалардың өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Түркістан облысы, Кентау қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты. Бүгінде еліміздің 21 ...

Читать далее »

Келестік шаруа тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Келес ауданындағы «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Нұржан Умаров жылыжайда тропикалық жемістерді жерсіндіруді қолға алды. Ол шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында сол аймақтағы өсімдіктердің тұқымын алып, өз жылыжайында сынақтан өткізуді әдетке айналдырғанын тілге тиек етті. – 2006 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келемін. Бүгінде 5,6 гектар аумақтағы жылыжай кешенінде 60-қа жуық азамат еңбектенеді. Жыл он екі ай елімізге көкөніс өнімдерін жеткізумен ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы денсаулық сақтау нысандарының құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау нысандарын жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, республикалық бюджеттен қажетті қаражат қаралды. Аталған мекемелерді материалдық-техникалық базамен және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету де қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарығаш ауданына арнайы барып, ...

Читать далее »

Шетелдік инвесторлар Кентауда трактор құрыстырып шығармақ

Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Қытай мемлекетіне барған делегаттар жергілікті ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация TOO «BNK Group LTD» компаниясының «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарына барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыратын бірлескен зауыт салу мәселесі де қозғалды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Читать далее »