Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

Бүгінде Төлеби ауданында балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Соның бірі жеке кәсіпкер Нұрлыхан Әшірбеков. Ол басқарып отырған «Шымкент Балық» ЖШС-і жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып танысты.

Кәсіпкер 3 гектар аумаққа 7 арнайы бассейн салған. Онда балықтың форель түрінің 3 000 данасын өсіріп жатыр. Жалпы аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады. Шаруашылықтар негізінен балықтың бекіре, форель, сазан, дөңмаңдай, ақ амур түрлерін өсірумен айналысады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі