Қазақстан ЭЫДҰ-ның Ғылыми-технологиялық саясат жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Парижде өткен ғылыми-технологиялық саясат жөніндегі министрлік конференциясында сөз сөйледі, оған экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер мен әріптестер шақырылды.

Өз сөзінде ол біздің елімізде ғылыми зерттеулер саласында жүргізіліп жатқан реформаларды, ғылыми инновацияларды ынталандыру және оларды іс жүзінде енгізу үшін университеттер, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіптік компаниялар арасындағы байланыстарды нығайтуды атап өтті. Сондай-ақ ғылымның ашықтығы, жасанды интеллект және цифрлық трансформация тақырыптары басты назарда болды.

Конференцияда ЮНЕСКО қолдауымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы туралы келісімді ұзартуды және қазақстандық ғалымдардың Халықаралық гидрологиялық бағдарламаға қатысуын қоса алғанда, ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Вице-министр басқа мемлекеттердегі әріптестерімен және ЭЫДҰ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, онда ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

ЮНЕСКО Бас директорының жаратылыстану ғылымдары жөніндегі орынбасары Лидия Бритомен кездесуде ЮНЕСКО қолдауымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы туралы келісімнің қолданысын ұзарту, қазақстандық ғалымдардың Халықаралық гидрологиялық бағдарламалар жұмысына қатысуы және ынтымақтастықтың басқа да бірқатар аспектілері мәселелері талқыланды. Сапар ҚР-ның ЮНЕСКО және Париждегі басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан – 2017 жылдан бастап ЭЫДҰ мүшесі, еліміз экономикалық, әлеуметтік және ғылыми мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми-технологиялық саясатты дамытуға белсенді ықпал етіп келеді.

Дереккөз:  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі