Түркістан облысы

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысының өткен жыл Жолдауында елімізде жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген болатын. Осы ретте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындылды. Бастамалар жұрттың шынайы қолдауына ие болды.1 жылдың ішінде ауқымды істер атқарылғаны рас. Реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өткеніміз де жөн. Өздеріңізде білесіздер, президент сайлауы өтіп, жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. ...

Читать далее »

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді

Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылған. Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты бағытты ұстанатын, алға қарай даму ...

Читать далее »

Сарыағашта «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Бүгін Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында нейро-ортопедиялық сырқаты бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының қолдауымен ашылған орталық бір мезетте 3 жасқа дейінгі 600 баланы оңалтумен айналысады. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының Бас директоры Альфия ...

Читать далее »

Созақ ауданында «Самұрық-Қазына» АҚ футбол алаңын салып берді

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Түркістан облысы Созақ ауданындағы Сарыжаз ауылында футбол алаңы ашылды. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен еліміз бойынша биыл ашылған 26-спорт алаңы. Нысанның ашылу салтанатына «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауыл тұрғындары қатысты. — «Самұрық-Қазына» қоры бұқаралық спортты дамыту және балаларға спорттық инфрақұрылымды қолжетімді ету бағытында нәтижелі істер атқарып келеді. ...

Читать далее »

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Кентау қаласында қаржыландырған үш жобаны таныстырды

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен Түркістан облысында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында қордың қолдауымен ашылған Кентау қаласындағы жобалар таныстырылды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, соңғы төрт жылда облыста 23 әлеуметтік жоба іске асып жатыр. Баспасөз туры Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжден басталды. Биылғы оқу жылында «Samruk-Kazyna Trust» қоры компаниялар тобы атынан мүмкіндігі шектеулі ...

Читать далее »

Түркістан облысына экологиялық туризм бағыты бойынша келушілер саны 2 есеге артты

Түркістан облысына келушілер мен саяхатшылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Туризм саласы – өңірдегі басым бағыттардың бірі. Аймақта осы саланы дамыту үшін жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қолға алынды. Туристік әлеует жан-жақты зерттелуде. Шет мемлекеттермен автобус, әуе бағыттары ашылып жатыр. Жуырда ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында балалардың қауіпсіздігі күшейтілді

Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытында «Қауіпсіз мектеп» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Балалардың сапалы білім алуы және қауіпсіздік мәселелері әрқашан облыс басшылығының назарында. Бүгінгі күнге дейін мектептердегі бала қауіпсіздігі өзекті проблемалардың бірі болды. Биыл осы мәселені шешу үшін «Қауіпсіз мектеп» жобасына облыстық бюджеттен алғаш ...

Читать далее »

Түркістан облысында жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

Түркістан облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін қосымша 199 мың шаршы метрді құрайтын 59 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 341 отбасының баспаналы болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. – Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 250 млрд. теңгені құрап, 783,7 мың ...

Читать далее »

Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы жүріп жатыр

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан облысы, Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. – Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Дегенмен өнімді сақтау және терең өңдеу мәселелері өзекті. ...

Читать далее »

Түркістан облысының діни мекемелеріне құран кітаптары тапсырылды

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы орталық мешітінде рухани маңызы бар іс-шара өтті. Оған Кувейт мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Омар Ахмет Әль-Қандари, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының директоры А.Мохамед Али, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша бас имамы Е.Төлепов, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының қызметкерлері, ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: «Кәсіпкерлер келеді деп күтіп отырмаймын, алдарына өзім барамын»

Түркістан облысында шағын және орта бизнесті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 12,9 млрд. теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Өңір басшысы кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстармен тікелей өзі айналысып жатқанын мәлімдеді. – Экономиканы көтеру үшін ...

Читать далее »

Түркістан облысында 6 ірі медициналық нысан салынады

Түркістан өңірінде медициналық инфрақұрылымды жақсартуға баса назар аударылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Өңірдегі медициналық ұйымдарда 5,5 мыңнан астам дәрігер және 19 мыңнан астам орта буынды қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84 пайыздан асып, жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде, негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. Биыл 14 денсаулық сақтау нысанының ...

Читать далее »

Түркістан облысында үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын көтеру мемлекеттің басым мақсаты екенін аттап өтті. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және орта құру міндетін қойды. Түркістан өңірінде демографиялық өсім жоғары. Осыған байланысты ...

Читать далее »

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асып, Республикада көш бастады

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. – Биыл біз ауыл шаруашылығындағы негізгі өзекті мәселелерге назар аударып, оны жүйелі түрде шешу жолдарын қарастырдық. ...

Читать далее »

Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында тұр

Түркістан өңірінде инвестиция тарту, индустрияландыру жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. – Биылғы 10 ай қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асты. Ал өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 2%-ға артып, жалпы 758 млрд. теңгені ...

Читать далее »

Түркістан облысында 2 жылда 140-тан астам әкімді халық сайлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы бойынша Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. «Әділетті Қазақстанды құрудағы игі істерге барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана біз ортақ мүддеге қол жеткізе аламыз. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің ...

Читать далее »

Саяси реформалар – жаңарудың жарқын жолы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық. Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына ...

Читать далее »

Бауырлас елдердің инвесторлары Түркістан өңірінің әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанда өткен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форум мазмұнды жиынмен жалғасты. Атап айтсақ, Түркістан төрінде Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті қорытындыларына арналған түркі сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бизнес форумы өтті. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бизнес өкілдері қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстар нығая түскенін мәлімдеді. – Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан қаласына ...

Читать далее »

Түркістанда Баян Бекетованың «Ақ періште әлемім!» атты шығармашылық кеші өтті

Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Баян Бекетованың шығармашылығына арналған «Ақ періште әлемім! атты кеш өтті. Іс-шараға келушілер алдымен кеш иесінің туындыларынан жасақталған кітап көрмесімен танысты. Содан соң үлкен залда Баян Қадірбайқызы жайлы бейнетуындыны тамашалады. Әдеби кеш шымылдығы «Ақ періште әлемім!» атты монологымен түрілді. Мазмұнды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды бірнеше елдің инвесторларымен келіссөздер жүргізді

Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумына шет мемлекеттер мен еліміздің ірі кәсіпкерлері, инвесторлары келген болатын. Олардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдап, келіссөз жүргізді. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның инвесторларымен жобаларды, әріптестік орнату мәселесін талқылады. Кездесулерді облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жүргізіп отырды. – Түркістан өңірінде ...

Читать далее »