Түркістан облысы

«Таза Қазақстан»: Түркістанда егілген гүлдер саны 200 мыңға жетеді

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам ...

Читать далее »

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 200 мың түп гүл отырғызылып жатыр

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана түрлі көшеттер отырғызылып жатыр. Сондай-ақ, облыс орталығында тазалау жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған. Республикалық-экологиялық акция облыс аумағында 1 ай бойы жалғасады. Сонымен қатар, шаһар аумағында былтыр көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана ...

Читать далее »

Арыста «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді

Арыс қаласы«Білім бөлімі» ММ-не қарасты Байырқұм ауылдық округі Көкжиде елді мекеніндегі «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушыларына «Серпін- 2050» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламаның мақсаты — «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес дамыған 30 елдің қатарында қосылу үшін, білікті мамандар даярлау, халық көп шоғырланған Оңтүстік аумағының жастарын Солтүстік өңірлердің жергілікті оқу орындарына орналастыру, кадр мәселесін шешу, қолжетімді және сапалы білім ...

Читать далее »

Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 2,7 шақырымға артып, үш мыңнан аса тал егілді

Созақта аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері белсенділікпен атсалысты. 150-ге жуық қызметкер «Жасыл белдеу» аумағына жұмылдырылды. Аумақтың көлемі 2,7 шақырымға артып, онда 3000-нан аса көшет егілді. Алдағы уақытта тағы 4000-нан астам тал егіліп, ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады. «Жасыл белдеу» аумағына арнайы барған аудан ...

Читать далее »

Түркістан облысында 201 мың көшет отырғызылып, 317 мың ағаш әктелді

Аббаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын сапалы жүргізбеген аудан, қала әкімдерінің жұмысына кезекті рет сын-ескертпе айтылды. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе арнайы қаралды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де өз деңгейінде жүйеленбегенін айтып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. – Әкімі қандай болса, көшесі сондай болады. Бірнеше рет бұл мәселе бойынша тапсырма берілді. Бірнеше аудан, қалада ғана сәл ...

Читать далее »

Сайрам ауданында өсірілген банан мен өңделген жеміс өнімдеріне сұраныс артып келеді

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр. Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «GEN GROUP KAZAKSTAN» жылыжайына барды. Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыс ...

Читать далее »

Ордабасыда сүт кластері дамиды және 500 адамды жұмыспен қамтитын тігін фабрикасы ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты. Мемлекеттік қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады. Бадам ауыл округіндегі «Бөрте Милка» ЖШС-нің жаңа технологиялы сүт өңдеу зауытында болған облыс әкімі аталған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Өндірістік қуатын арттыру, экспортқа шығару мәселелері назарда тұруы тиіс екенін жеткізді. Жалпы «Бөрте Милка» сүт тауарлы тауарлы фермасы 3 кезеңмен іске асырылған. 2015 ...

Читать далее »

Жетісай ауданында жібек кластері дамиды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жібек кластерін дамытудың жол картасы әзірленіп, шаруаларға несие беру бағдарламасы бекітілді. Осы ретте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен ауданда тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Андижан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жібек кластерін ...

Читать далее »

Ордабасы ауданындағы әлеуметтік нысандар бақыланып, жеке қабылдау өткізілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, ондағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Аудан әкімі Азат Оралбаев денсаулық және білім нысандарының жұмыстарын таныстырды. 2009 жылы пайдалануға берілген Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 285 төсек-орын бар. Оның ішінде травматология, хирургия, инсульт, перзентхана, оңалту бөлімі қажетті төсек-орындарымен қамтылған. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 82%-ды құрап отыр. Ересектер мен балаларға тәулік бойы мамандандырылған ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 145 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді

Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес кезекті сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен ауқымды шараға жергілікті әкімдіктер, барлық мемлекеттік мекеме мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысып, бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. «Сенбілік – тазалық айнасы» атты тақырыпта барлық аудан, қаладағы жастар орталықтары да атсалысты. Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық ...

Читать далее »

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2024 жылғы 4 сәуір күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы С.Көшенов жүргізді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, тұрақты комиссия мүшелері Н.Әшіров, Т.Қаржауов, Т.Қалмуратов, Е.Ералиев, Н.Сейтжанов, С.Ералиев, С.Арыстанов, Ғ.Қапалбаев, Ж.Ағабеков, Г.Мәлікова, Е.Хандиллаев қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде мына ...

Читать далее »

Биыл Түркістан облысында 20 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейді

Түркістанда «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. – Өткен аптада Төлеби ауданында орналасқан бірқатар лагерді аралап шықтым. Дайындық жұмыстарын әлі бастамаған жартысы. Ертерек қамдану керек кеш болмай тұрып, уақыт аз қалды. Қауіпсіздігіне баса мән беріңіздер, себебі кішкентай қателіктер үлкен жағдайларға алып келуі ...

Читать далее »

Келесте биыл 600 орындық жайлы мектеп пен спорт нысаны пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында Абай ауылында бой көтеріп жатқан спорт нысанының құрылыс алаңында болды. Онда жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылап, мердігермен кездесті. – Әр аудан, қаладағы ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұр. Спорт нысаны жоспардағыдай салынып жатыр. Осы қарқында жалғастырыңыздар. Бұл нысанда жастар спортпен шұғылданады. Дені сау ұрпақ – болашаққа салынған басты капитал, – ...

Читать далее »

Ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі келелі мәселелерді талқылады

Сайрам ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті. Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ аудандық, қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық ...

Читать далее »

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды

Рухани мекен Түркістанда неке қию рәсімін ұтып алыңыз. Халқымызда неке – қасиетті ұғым, беріктік шарты, отбасы құрудың негізі. Біз ғашықтарға рухани астана – Түркістанда неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын өткізу мүмкіндігін сыйлаймыз!   20 сыйлықтың бірін ұтып алыңыз «Шаңырақ» номинациясының жеңімпазына: • Бару-қайту билеттері (ұшақ немесе көлік) • 2 күн қонақ үйде тұру • ⁠фотосет • ⁠ неке қию рәсімі • ...

Читать далее »

Қытай-Қазақстан бірлескен бизнес форумы өтті

Қытай Халық Республикасы Санжэ провинциясының басшылығы бастаған қытайлық бизнес өкілдерімен бірлескен бизнес форум өтті. Аталған форумға Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған бір топ делегация өкілдері де қатысты. Форум аясында Түркістан облысының делегациясымен инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша екіжақты В2В форматында келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар форум қатысушыларына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдаулар мен инестициялық ахуалы жөніндегі арнайы бейнеролик ...

Читать далее »

Түркістан облысының делегациясы Кореяның фармацевтикалық компаниясымен меморандумға қол қойды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапары аясында бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, Dong Sung фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесті. Кездесу қорытындысымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 1957 жылы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында құрылған компания дәрі-дәрмек, косметика және тұрмыстық заттар өндіреді. ...

Читать далее »

Ордабасыда биыл «Ауыл аманаты» жобасымен түйе сүтін өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен құрылады

Биыл Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінде түйе сүтін өңдейтін агроөнеркәсіп кешені құрылмақ. Кешенде 200 басқа дейін түйе бағылып, оның сүтін жинау, өңдеу және саудаға енгізу жоспарланып отыр. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылмақ. Айта кетейік, ауданда биылғы жылы төрт ауылдық округте аталған бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығындағы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделген. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ІІІ кезеңін — ...

Читать далее »

Түркістан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. – Әр аудан мен қалаға жүйелі түрде сараптама жасап, нашақорлық пен есіртік саудасы жиі тіркелген аймақтардың мәселесін талқылау ...

Читать далее »

Татарстанда «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды

Татарстан мемлекетінің астанасы Қазан қаласындағы «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер мұражай-қорығында «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды. Шара — көрнекті ақын, түркі әлемінің ойшылы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына және Түркістандағы Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Көрме – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының ұйымдастыруымен өтті. Онда Ахмет ...

Читать далее »