Түркістан облысы

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі Мекен» апталығы басталды

Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Акцияның өзі бірнеше апталықтарға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығы – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығы – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығы – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы. Облыста алғашқы апталықта барлық 17 қала-аудандарда тазалық ...

Читать далее »

Түркістанда экоакция аясында Ясауи кесенесінің аумағына 62 мыңнан астам гүл егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кесене аумағына 10 түрлі гүлдің 62 мыңнан астам көшеті отырғызылған. Одан бөлек, кесене төңірегі тазаланып, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана тал көшеттері отырғызылып жатыр. Аталған жұмыстарға ...

Читать далее »

Отырардағы туристік орындарда сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Отырар ауданындағы туристік орындар күл-қоқыстардан тазартылды. Сенбілікке Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері қатысып, Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығының аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді. Басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов Түркістан өңіріндегі туристік нысандарды көгалдандыру шаралары тек науқан барысында ...

Читать далее »

Бәйдібекте Шамшыбек Байзақов атындағы «Озат ұстаз-2024» байқауы қорытындыланды

Бәйдібек ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Шамшыбек Байзақовтың 100 жылдығына арналған «Озат ұстаз-2024» дәстүрлі байқауы қорытындыланды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтердің шығармашылық және кәсіби дамуын жетілдіру, озық тәжірибелермен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдерді анықтау және тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған байқау 4 кезеңнен тұрады. 2023 жылдың желтоқсан айында мектепішілік кезеңнен басталған байқаудың іріктеу кезеңі ...

Читать далее »

Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр. Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, Тастұмсық, Азаттық, Т.Рысқұлов ауылдарында тазалау, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараға еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары жұмылдырылды. Ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп жатқан акцияға жалпы 600-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында 35 тонна күл-қоқыс шығарылған. Шара аясында белсенділер ...

Читать далее »

Түркістан қаласында бес мыңнан астам тұрғын жалпыхалықтық сенбілікке қатысты

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын бұдан әрі де игі бастаманы қолдауға шақырды. Жергілікті әкімдіктің құрылымдары, барлық мемлекеттік мекемелер, белсенділер мен еріктілер де бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар өз аулаларын тазартуға белсене атсалысып жатыр. Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға ...

Читать далее »

Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуа шақырды. Сенбілікке жалпы 5 мыңнан астам адам атсалысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. ...

Читать далее »

Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз

Құрметті жерлестер! Мемлекет Басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Президентіміз бұл жұмыстарға барша тұрғындарды тарту маңызды екенін атап өтті. Осы орайда, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталды. 5 аптаға созылатын науқанның әр аптасының нақты мақсаты мен тақырыптары белгіленген. Бірінші аптада, яғни, 6-13 сәуір аралығында өтетін акция «Таза өлке» деп аталады. Бұл ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Таза өлке» апталығында 1 500-ге жуық көше тазартылды

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апталықта Түркістан облысындағы 17 аудан-қала аумағындағы 140 шақырым өзен бойлары мен 1 500-ге жуық көше, үй аулалары тазартылды. Сондай-ақ, 275 саябақ пен скверлерде, 192 балалар мен спорт алаңшаларында тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 1 120 тонна қоқыс шығарылған. Атап айтар болсақ, Кентау қаласында 200 жас қаладағы демалыс ...

Читать далее »

Түркістан облысында экоакция аясында 140 мыңнан астам ағаш әктелді

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, облыстағы 17 аудан-қалаларда ағаш отырғызу, гүл егу, тал әктеу, қоқыс шығару, арық-атыздарды тазалау, мекемелердің ауласын тазарту, орындық пен қоршауларды әрлеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Акцияның «Таза өлке» апталығында Түркістан облысы бойынша 130 мыңға жуық көшет егіліп, 140 мыңнан астам ағаш әктелген. Атап ...

Читать далее »

«Таза Қазақстан» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында өңірде 56 іс-шара өткізіліп, оларға 20 мыңнан астам адам қатысты. Аталған шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, еріктілер мен облыс тұрғындары қатысты. Мәселен, Созақ ауданында өткен «Таза өлке» апталығына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылған. Ал Сайрам ауданында арық-атыздарды тазартуға жалпы саны 500-ге жуық адам қатысса, Түлкібас ауданында өткен экологиялық акцияға 450 ...

Читать далее »

Түркістандық жас мемлекеттік қызметшілер де экоакцияға өз үлестерін қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығына түркістандық жастар да белсене қатысуда. Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімдігінің жас мамандары да өз үлестерін қосты. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты. «Тазалықты ту еткен жобаның ұлағаты мол. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау — әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, осы қаланың ауасын ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы мектептер Илон Масктің интернет желісіне қосылуда (видео)

Түркістан облысы Қазақстанда Starlink жобасы арқылы сапалы интернетпен елдімекендерді толық қамтыған алғашқы аймақ болады. Өңірдегі 330 проблемалы мектептің 203-іне жылдам интернет құралы орнатылды. Қалған білім ордалары да сәуір айының аяғына дейін толық қамтылады. Ал шалғай елдімекендерге жаңа жеткізілген интернет сапасы қандай? Бүгін Қазығұрт ауданына қарасты Еңбек елдімекеніндегі жалпы орта мектебі оқушылары ерекше қуанышқа бөленді. 10 сынып оқушысы Нұргүл Жолдастың айтуынша, ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы мектептер Илон Масктың интернет желісіне қосыла бастады (видео)

Өңірдегі шалғай ауылдарда орналасқан 330 мектеп Starlink желісімен жұмыс істейді. Түркістан облысындағы 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. Ал, тағы 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады. Бұдан бөлек, 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдығы 512 Кб/с — 20 Мбит/с ...

Читать далее »

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы мектептері Илон Масктың Starlink интернет желісіне қосыла бастады

Түркістан облысының шалғай ауылдарында орныласқан мектептері елімізде алғашқылардың қатарында Илон Масктың Starlink спутниктік интернетіне қосыла бастады. Өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады. Бұдан бөлек, 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдығы 512 Кб/с ...

Читать далее »

Түркістан облысында су қоймалар мен өзендердің маңы тазаланып жатыр

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда. Өңірдегі барлық аудан, қалаларда «Таза өлке» апталығы өтуде. Атап өтсек, Сайрам ауданында тазалық жұмыстары қарқынды. Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында Арыс өзенінің бойы ретсіз күл-қоқыстан тазартылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору ...

Читать далее »

Кентауда белсенді жастар экоакцияға өз үлестерін қосты

Кентау қаласының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтар, ескерткіштердің алаңдарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталған аймақтарды күл-қоқыстардан тазартып, ағаштарды ретке келтіру шаралары атқарылды. Одан бөлек, қаланың барлық аймағында тазалық жұмыстары белсенді атқарылуда. Арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, талдар әктеліп, гүлдер отырғызылуда. Жасыл желектерге қоршаулар орнатылып, «Жасыл аймаққа» талдар отырғызылуда. Саябақтардағы орындықтар әрленіп, жарық шамдар ретке келтірілуде. Қаладағы абаттандыру, ...

Читать далее »

Келестік 3 жасар егіздер экоакцияны қолдап, гүл отырғызды

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жас балдырғандар да үлес қосып жатыр. Келес ауданы «Мариям-ММ» бөбекжай балабақшасында «Балдырған» тобында тәлім алып жатқан 3 жастағы егіздер Айман Қажымұхан, Ахмет Қажымұхан мен «Сұңқар» тобының 5 жасар егіздері Алия Упабек, Али Упабек табиғатты тазалауға өз үлестерін қосты. Балабақша меңгерушісі Айнұр Станбекова балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа балабақшадан үйрету өте маңызды екенін атап өтті. – Балабақшамызда ...

Читать далее »

Келесте 85 жастағы зейнеткер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Келес ауданындағы Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 30 жылдан аса еңбек етіп, зейнетке шыққан ұстаз Тұрсын Тұрғынбаева «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Ұстаз зейнетке шықса да мектептің қоғамдық істеріне белсене қатысады. Осы өнегелі ісімен ұлағатты ұстаз мектептің жас мамандарына үлгі болып жүр. – Тазалықты жанына серік еткен ауыл тұрғындары айналамызды тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысып жатыр. Тазалық жұмыстарына барлық ...

Читать далее »

Түркістан жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шара өткізді

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Түркі бағы” саябағында “Таза өлке” атты сенбілік өтті. Игі бастамаға облысымыздың жастары белсенді қатысуда. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу ...

Читать далее »