Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуа шақырды. Сенбілікке жалпы 5 мыңнан астам адам атсалысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. Көшеттер егіліп, талдар әктелді. Арнайы 25 техника жұмылдырылды. Жалпы бүгінгі шарада жалпы 170 тонна қоқыс шығарылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі