Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр. Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, Тастұмсық, Азаттық, Т.Рысқұлов ауылдарында тазалау, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараға еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары жұмылдырылды.

Ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп жатқан акцияға жалпы 600-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында 35 тонна күл-қоқыс шығарылған. Шара аясында белсенділер әрбір ауыл тұрғынын өз ауласынан бастап тазалықты қалыптастыруға және сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында инвестициялар көлемі 37,4%-ға артқан

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрқожа ...

Түркістанда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. «Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық ...