Түркістан облысы

Ордабасыда көне Ишанбазар мешітінің аумағында көгалдандыру жұмыстары жүрді

Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында 19 ғасырдың сәулеттік ескерткіші — Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстарын аудан орталығындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қызметкерлері ұйымдастырды. Бүгінде кесене аумағына 500 түп тал көшеті отырғызылып, әрлеу жұмыстары атқарылды. Ишанбазар мешіті — Ордабасы ауданындағы Аққойлы елді мекенінің солтүстік шығысында орналасқан. Мешітті 19 ...

Читать далее »

Қазығұрттықтар «Киелі мекен» апталығын «Кемеқалған» монументін абаттандырудан бастады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазығұрт асуында орналасқан «Кемеқалған» монументінің маңы қоқыстан тазартылды. Онда әрлеу, шөп қырқу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға қазығұрттық жастар мен еріктілер белсене қатысып, киелі мекенді гүлдендіруге үлестерін қосты. Айта кетейік, Қазығұрт тауының жанында теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте орналасқан «Кемеқалған» монументі облыс орталығы Түркістан қаласынан 207 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті аңыз бойынша, ...

Читать далее »

Кітапханашылар Гауһар ана кесенесі маңында тазалық жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» кітапханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Гауһар ана кесенесінің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, кітапханашылар өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру шараларына белсене қатысуда. «Таза өлке» апталығында да алғашқылардың бірі болып көгалдандыру шараларын атқарған болатын. Өткен апталықта кітапхана ұжымы мекеме ауласында 200 түп гүл егіп, аймақты қоқыстан тазартты. Айта кетейік, Гауһар ана ...

Читать далее »

Созақта экоакция аясында киелі мекендер қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығында Созақ ауданындағы киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы Жартытөбе ауылдық округінің мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары акцияға белсенді түрде қатысуда. Атқарылған жұмыстар барысында Бабата елді мекенінде орналасқан Ысқақ баб кесенесінің қоршаулары ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақтағы саябақтар мен балалар ойын алаңшалары, көпірлер мен қоқыс полигоны ретке келтірілді. Акция ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі Мекен» апталығы басталды

Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Акцияның өзі бірнеше апталықтарға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығы – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығы – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығы – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы. Облыста алғашқы апталықта барлық 17 қала-аудандарда тазалық ...

Читать далее »

Түркістанда экоакция аясында Ясауи кесенесінің аумағына 62 мыңнан астам гүл егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кесене аумағына 10 түрлі гүлдің 62 мыңнан астам көшеті отырғызылған. Одан бөлек, кесене төңірегі тазаланып, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана тал көшеттері отырғызылып жатыр. Аталған жұмыстарға ...

Читать далее »

Отырардағы туристік орындарда сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Отырар ауданындағы туристік орындар күл-қоқыстардан тазартылды. Сенбілікке Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері қатысып, Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығының аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді. Басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов Түркістан өңіріндегі туристік нысандарды көгалдандыру шаралары тек науқан барысында ...

Читать далее »

Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр. Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, Тастұмсық, Азаттық, Т.Рысқұлов ауылдарында тазалау, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараға еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары жұмылдырылды. Ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп жатқан акцияға жалпы 600-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында 35 тонна күл-қоқыс шығарылған. Шара аясында белсенділер ...

Читать далее »

Түркістан қаласында бес мыңнан астам тұрғын жалпыхалықтық сенбілікке қатысты

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын бұдан әрі де игі бастаманы қолдауға шақырды. Жергілікті әкімдіктің құрылымдары, барлық мемлекеттік мекемелер, белсенділер мен еріктілер де бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар өз аулаларын тазартуға белсене атсалысып жатыр. Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға ...

Читать далее »

Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуа шақырды. Сенбілікке жалпы 5 мыңнан астам адам атсалысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. ...

Читать далее »

Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз

Құрметті жерлестер! Мемлекет Басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Президентіміз бұл жұмыстарға барша тұрғындарды тарту маңызды екенін атап өтті. Осы орайда, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталды. 5 аптаға созылатын науқанның әр аптасының нақты мақсаты мен тақырыптары белгіленген. Бірінші аптада, яғни, 6-13 сәуір аралығында өтетін акция «Таза өлке» деп аталады. Бұл ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Таза өлке» апталығында 1 500-ге жуық көше тазартылды

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апталықта Түркістан облысындағы 17 аудан-қала аумағындағы 140 шақырым өзен бойлары мен 1 500-ге жуық көше, үй аулалары тазартылды. Сондай-ақ, 275 саябақ пен скверлерде, 192 балалар мен спорт алаңшаларында тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 1 120 тонна қоқыс шығарылған. Атап айтар болсақ, Кентау қаласында 200 жас қаладағы демалыс ...

Читать далее »

Түркістан облысында экоакция аясында 140 мыңнан астам ағаш әктелді

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, облыстағы 17 аудан-қалаларда ағаш отырғызу, гүл егу, тал әктеу, қоқыс шығару, арық-атыздарды тазалау, мекемелердің ауласын тазарту, орындық пен қоршауларды әрлеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Акцияның «Таза өлке» апталығында Түркістан облысы бойынша 130 мыңға жуық көшет егіліп, 140 мыңнан астам ағаш әктелген. Атап ...

Читать далее »

«Таза Қазақстан» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында өңірде 56 іс-шара өткізіліп, оларға 20 мыңнан астам адам қатысты. Аталған шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, еріктілер мен облыс тұрғындары қатысты. Мәселен, Созақ ауданында өткен «Таза өлке» апталығына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылған. Ал Сайрам ауданында арық-атыздарды тазартуға жалпы саны 500-ге жуық адам қатысса, Түлкібас ауданында өткен экологиялық акцияға 450 ...

Читать далее »

Түркістандық жас мемлекеттік қызметшілер де экоакцияға өз үлестерін қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығына түркістандық жастар да белсене қатысуда. Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімдігінің жас мамандары да өз үлестерін қосты. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты. «Тазалықты ту еткен жобаның ұлағаты мол. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау — әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, осы қаланың ауасын ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы мектептер Илон Масктің интернет желісіне қосылуда (видео)

Түркістан облысы Қазақстанда Starlink жобасы арқылы сапалы интернетпен елдімекендерді толық қамтыған алғашқы аймақ болады. Өңірдегі 330 проблемалы мектептің 203-іне жылдам интернет құралы орнатылды. Қалған білім ордалары да сәуір айының аяғына дейін толық қамтылады. Ал шалғай елдімекендерге жаңа жеткізілген интернет сапасы қандай? Бүгін Қазығұрт ауданына қарасты Еңбек елдімекеніндегі жалпы орта мектебі оқушылары ерекше қуанышқа бөленді. 10 сынып оқушысы Нұргүл Жолдастың айтуынша, ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы мектептер Илон Масктың интернет желісіне қосыла бастады (видео)

Өңірдегі шалғай ауылдарда орналасқан 330 мектеп Starlink желісімен жұмыс істейді. Түркістан облысындағы 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. Ал, тағы 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады. Бұдан бөлек, 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдығы 512 Кб/с — 20 Мбит/с ...

Читать далее »

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы мектептері Илон Масктың Starlink интернет желісіне қосыла бастады

Түркістан облысының шалғай ауылдарында орныласқан мектептері елімізде алғашқылардың қатарында Илон Масктың Starlink спутниктік интернетіне қосыла бастады. Өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады. Бұдан бөлек, 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдығы 512 Кб/с ...

Читать далее »

Түркістан облысында су қоймалар мен өзендердің маңы тазаланып жатыр

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда. Өңірдегі барлық аудан, қалаларда «Таза өлке» апталығы өтуде. Атап өтсек, Сайрам ауданында тазалық жұмыстары қарқынды. Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында Арыс өзенінің бойы ретсіз күл-қоқыстан тазартылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору ...

Читать далее »

Кентауда белсенді жастар экоакцияға өз үлестерін қосты

Кентау қаласының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтар, ескерткіштердің алаңдарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталған аймақтарды күл-қоқыстардан тазартып, ағаштарды ретке келтіру шаралары атқарылды. Одан бөлек, қаланың барлық аймағында тазалық жұмыстары белсенді атқарылуда. Арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, талдар әктеліп, гүлдер отырғызылуда. Жасыл желектерге қоршаулар орнатылып, «Жасыл аймаққа» талдар отырғызылуда. Саябақтардағы орындықтар әрленіп, жарық шамдар ретке келтірілуде. Қаладағы абаттандыру, ...

Читать далее »