Түркістан облысы

В Туркестане прошло праздничное мероприятие «Қыран елім – Қазақстан», посвященное Дню Республики

В Туркестане в честь празднования Дня Республики прошло торжественное мероприятие «Қыран елім – Қазақстан». В мероприятии принял участие лично аким области Дархан Сатыбалды, который поздравил жителей и гостей области с Днем Республики. — От всей души поздравляю вас с Днем Республики! После решения Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева на курултае в Улытау мы второй год отмечаем национальный праздник — День ...

Читать далее »

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім — Қазақстан» мерекелік іс-шарасы өтті

Түркістанда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мәні ашылып, отаншылдық дәріптелді. Шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, облыс тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлытауда өткен құрылтайдағы шешімінен кейін екінші жылы Республика күні ұлттық мерекесін ...

Читать далее »

Құқықтық статистикада ақпараттық жүйелерді қолдану

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күнделікті қызметіне цифрлық технологиялар енгізудің арқасында қабылданатын шешімдердің тиімділігі артты, іс-құжаттардың айналымы жеделдетіліп, яғни бюрократиясыздандыруға бағытталған басқа да мәлелелер өз шешімдерін тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің ақпараттық-талдамалық әлеуеті және инновациялық жобаларды кеңінен енгізу заңдылықты нығайтуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Түркістандық балалар ағылшын тілін тегін үйренеді. АҚШ Елшілігінің «English Access» бағдарламасы мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды ағылшын тіліне, сондай-ақ жеке өсу, цифрлық сауаттылық, еріктілік дағдыларына үйретуге бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Натан Розенблум бастаған делегациямен кездесуі барысында айтылды. Кездесуде тараптар экономикалық өркендеу, жасыл энергетика мүмкіндіктері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, білім беру, ...

Читать далее »

Түркістан облысының делегациясы Қытайдың алып кәіспорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласының әкімдері және 50-ге жуық кәсіпкері Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірге инвесторларды тарту, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, жергілікті кәсіпкерлермен тәжірбие алмасу. Алғашқы күні облыс делегециясы Қытайдың Шандонг провинциясы, ...

Читать далее »

Ордабасыда 150 орындық мәдениет үйі ашылды

Республика күніне орай Ордабасы ауданына қарасты Қарақұм ауылында 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Аудан әкімінің ауылдардағы есепті кездесулерінде жергілікті халық тарапынан жиі көтерілген мәселелердің бірі — Мәдениет үйі мен көгілдір отынның қажеттілігі еді. Халық өтінішін назарға ...

Читать далее »

Республика күні қарсаңында Ордабасыда бір ауылға газ берілді

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қарақұм елді мекеніне газ құбырын жүргізу құрылысы аяқталып, іске қосылды.Мердігер «Gas Energy Construction» ЖШС мекемесі 2022 жылы бастаған жоба биыл күз айында аяқталып, жалпы ұзындығы 24,665 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 600-ге жуық абонетке газ жеткізілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы келіп, қарақұмдықтардың ...

Читать далее »

Келесте мереке қарсаңында мәдениет үйі ашылды

Түркістан облысы Келес ауданындағы Қошқарата ауылында Республика күні қарсаңында мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен мәдениет ошағы Ұлттық қор есебінен салынған. Жалпы 150 орындық клуб және кітапхана құрылысы өткен жылы басталып, биыл мереке қарсаңында ел игіліне тапсырылып отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мәдени нысанның ашылу салтанатында аудандық өнерпаздар мен оқушылар концерттік ...

Читать далее »

Түркістандықтар қала күнін атап өтті

Бүгін киелі шаһарда қала күніне арналған «Бақ қонған қалам – Түркістан!» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. – Түркістан Тұранның түп тамыры тараған, талай ұлының мекен еткен қасиетті ордасы. Талай тарихи оқиғалардың көзі болған шаһарда қызмет етудің өзі абырой мен жауапкершілікті жүк. Қазақ хандығының негізі қаланған, ұлт пен ұлыстың алтын ...

Читать далее »

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы алда келе жатқан Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды хабарлады. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқармалар басшылары, ...

Читать далее »

Түркістанда Республика күніне орай «Ұстаз барысы – 2023» жарысы өтті

Түркістан облыстық білім басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті. 2022 жылы бастау алған «Ұстаз барысы» сайысы биыл екінші рет өтіп жатыр. Жарысқа 7 салмақ бойынша іріктелген 17 аудан-қаланың жеңімпаздары қатысты. Жарысқа келгендердің арасынан ең үздігіне «Ұстаз барысы» атағы берілді. Педогогтар арасында өткен ...

Читать далее »

Түркістанда «Әкім кубогы-2023» үшін республикалық жайдарманшылар ойыны өтті

Республика күніне орай Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін республикалық «JAIDARMAN» ойыны өтті. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Есен Елеукенге алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Жайдарман сайысы – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Жайдарманның ең басты ерекшелігі өз шығармашылығына жалпы қоғамдағы ...

Читать далее »

“Менің елім — Vенің туым” экоакциясы барлық аудан-қалаларда өтті

Түркістан облысында “Менің елім — Менің туым” экоакциясы барлық аудан-қалаларда қолдау тапты. Аймақ әкімдіктерінің қызметкерлері мен түрлі мекемелердің жұмысшылары тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды ұқыптылыққа, тазалыққа шақырды. Мәселен, Сарыағаш ауданының қызметкерлері таңғы 10:00-ден бастап тазалық жұмыстарына кіріскен. Арыс қаласында да шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова экоакцияға атсалысып, тұнғындарды бірлесе еңбек етуге шақырды. Ал Келес ауданында аймақ басшысы Жәнібек Ағыбаев бастап акция аясында ...

Читать далее »

Түркістанда саяси партиялар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды

Ұлттың ұлы мерекесі – Республика күні қарсаңында Түркістанда шағын футболдан «Maslihat Cup» партиялар арасындағы жолдастық кездесудің ашылу рәсімі өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамашы болған турнир жергілікті қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруды, оларды мемлекеттік мүдде тұрғысындағы құндылықтарды іске асыруға жұмылдыруды, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстану аясына біріктіруді және жастарды ортақ елдік ұстаным шеңберіндегі міндеттерге ...

Читать далее »

Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда Түркістан қаласында «Менің туым — менің елім» акциясы аясында “Менің таңдауым — таза қала” экологиялық айлығы басталды. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және олардың орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер қатысты. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылар қаладағы саябақтар мен гүлзарлардың аумағын қоқыстан тазартты. ...

Читать далее »

Түркістан облысында Республика күніне орай 17 әлеуметтік нысан ашылады

Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев айтты. Сондай-ақ басқарма басшысы Республика күні мерекесінің мән-маңызына тоқталды. — Республика күні ұлттық мереке ретінде былтыр алғаш рет аталып өтті. Дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданған болатын. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді. Ендеше бұл атаулы күнді елеулі етіп өткізу аса маңызды. Осыған орай, ...

Читать далее »

Түркістанда өткен халықаралық қазақ әндері фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Түркістанда «Voice of Turan-2023» халықаралық қазақ әндері фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күн бойы әлем елдерінен келген қатысушылар бақ сынап, Түркістан аспанын әнге бөледі. Жеребеден соң, байқау шартына сәйкес бірінші күні Еуропа мен Азия әншілері қазақ өнерінің шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал екінші күні өз таңдауындағы қазақ әнін шырқап, сынға түсті. Сондай-ақ фестиваль барысында продюсер Мейіржан Алиакбаровтың ұйымдастыруымен түркістандық «Таңба» ...

Читать далее »

Республика күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы өтті. Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік ...

Читать далее »

Мамандар интернет алаяқтарынан сақтану жолын түсіндірді

Шымкент қаласында «Әділетті Қазақстан: Экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық кепілі» атты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыратын акция басталды. Жастар арасында қаржы пирамидасы мен ойынқұмарлық секілді індеттердің алдын алуға арналған іс-шара бүгін Сайрам тұрғын алабында ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылардың басым бөлігі студент жастар мен оның ата-аналары. Акцияны Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, қалалық прократура және қала әкімдігінің қолдауымен «Сайрам Планета» ...

Читать далее »

Антикор 7 мемлекеттік орган басшысын әкімшілік жазаға тартты

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бергені анықталды. Нәтижесінде, аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған. Мемлекеттік қызметке кірген кезде қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында ...

Читать далее »