Түркістандық шаруа құмай дақылынан мол өнім алуды көздеп отыр

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы «Агро кеңес беру орталығының» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев пен агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Бақытжан Құралбаев Шардара ауданы, Ақалтын елді мекеніне іс-сапармен барып, жеке кәсіпкер Бақыт Танагөзовтің егістік алқабында болды. Шаруа қожалығының иесі 20 га. жерге құмай (сорго) дақылын еккен. Мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен азамат зейнет жасына шыққан соң өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Құмай өнімі ыстыққа және қуаңшылыққа өте төзімді. Демонстрациялық алаң ретінде Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округіндегі «Жәңгір» шаруа қожалығында 20 га. аумаққа жоңышқа мен бірге сорго дақылы егілді. Жүгері тектес дақыл қант өндірісіне қолданылады. Мал шаруашылығында төрт-түлікке таптырмас азық ретінде жоғары бағаланады,- деді Нұрлыбек Нұрманұлы.

Бүгінде шаруа бірінші жиын-терім науқанына кірісті. Егістік алқабына 3 рет орақ салып (комбайынмен), жиын-терімнен 30 тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Қосымша 4 га. жерге асқабақ еккен. Кәсіпкер биылғы жылы мол табысқа қол жеткізуді көздеп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі