Түркістан облысы

Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

6 қараша күні Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі «Show arena» ғимаратында ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі елдерінің басын қосқан спорт ...

Читать далее »

Түркістан облысында жеке инвестициялар көлемі 1,7 есеге артты

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады. Өңірдің экономикалық дамуы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 13 индикаторды орындау бойынша көш соңында қалған әкімдерге жұмысты ширатуды тапсырды. – Аудан, ...

Читать далее »

Төрт аудандағы әкім сайлауының қорытындысы шықты

Түркістан облысындағы 4 ауданда: Созақ, Мақтаарал, Шардара және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімінің сайлау қорытындысы бойынша есеп берді. Бәйдібек ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысып, сайлаушылар тізіміне 28807 азамат енгізілді. Дауыс беруге 16729 сайлаушы қатысты. Бәйдібек ауданының сайлау қорытындысы бойынша 9379 дауыспен ...

Читать далее »

Түркістан облысының 4 ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саяси жаңғырудың жаңа кезеңін жүзеге асыру мақсатында елдегі сайлау жүйесі де жетілдірілуде. Оған дәлел – дәл бүгінгі өтіп жатқан аудан әкімдерінің сайлауы. Бүгін республика бойынша 45 аудан-қалалардың қатарында Түркістан облысынан Мақтаарал, Шардара, Созақ және Бәйдібек аудандары бар. Өңірлердегі сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны орындалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. ...

Читать далее »

Облысында баламалы энергия көздерінің бірнеше нысаны іске қосылады

Қытай инвесторларының қатысуымен Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында жел және күн электр станцияларын салу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жалпы қуаттылығы 1260 МВт электр станцияларын салу үшін Сауран, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы және Түлкібас аудандары қарастырылуда. Осыған дейін Қытай еліне іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторларға бірқатар жоба ұсынған болатын. Бүгін өңір басшысы бұл елдің ең ірі компанияларының ...

Читать далее »

Келестік оқушы қыз жылыжайда ерекше гүл түрлерін өсіреді

Келес ауданындағы №11 «Жолбасшы» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Жылыжайда қазіргі таңда 10-ға жуық үй гүлдерінің түрлерін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен арнайы зерттеу де жүргізіп жатыр. – Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді ...

Читать далее »

Бәйдібектік тұрғын «Zhas project» жобасының жеңімпазы атанды

Түркістанда «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздарын анықтау рәсімі өтті. Аталған жоба аясында бәйдібектік Ботакөз Жетпісбайқызы, Кондитерлік цех жобасы бойынша жеңімпазы атанды. «ZHAS PROJECT» жобасы – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастық өмірге тарту және қоғамдастықтың игілігі үшін пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларға баулу мақсатында ұйымдастырылған. Осы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: “Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол”

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу ...

Читать далее »

Сарыағашта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде

Сарыағаш ауданына қарасты Құрама ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев аталған құрылыс нысанына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер компания тарапынан нысанның іргетасын (бетон) құю жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте темір арқалықты орнату жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар аудан басшысы жауапты ...

Читать далее »

Сайрам ауданында 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды

Сайрам ауданында жыл басынан бері жалпы соммасы 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 279 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, сондай-ақ жылыжай құрылысы. Іске қосылған жобалардың ішінде – «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі. 450 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында 20 жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа ...

Читать далее »

Несиесін төлеу үшін алаяқтық жасаған

Арыс полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни өзінің танысы «теміржолшы етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, 1.700.000 теңгесін алған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаның бір бөлігін несие жабуға, ...

Читать далее »

Арыс қаласының оқушысын әлемнің 21 университеті оқуға шақырып жатыр

Түркістан облысы, Арыс қаласы, Владимир Комаров атындағы №8 мектептің 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемдік университеттер назарын аударып отыр. Яғни, Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған. Ал оның таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды әкімдерге инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды

Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытай Халық Республикасына іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт — фабрика ашу қолға алынды. Ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын арттыру бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Облысқа инвесторлар тартып, өндірістік кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу мақсатында ұйымдастырылған шара нәтижесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда баяндалды. Облыс басшысы бұл бағыттарды жүзеге асыру бойынша ...

Читать далее »

Түркістанда медицина өкілдерінің халқаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды

Түркістанда Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технологиялар – пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті құттықтады. – Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! Бұл аурухананың тарихы тереңде. 1868 жылы Шымкент қаласында әскери ...

Читать далее »

Түркістанда халықтың бірлігін бейнелейтін киіз үй тігілді

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы аясында киіз үй тігу шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылда тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты. Игі шарада «Қоғамдық келісім» ...

Читать далее »

Төлебиде 80 орынға арналған оқушылар үйі салынуда

Төлеби ауданында жаңадан салынып жатқан оқушылар үйінің құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда екі қабатты еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме – «Авторемстрой ЛТД» ЖШС. 80 орындық оқушылар үйінің құрылысын жобаға сәйкес жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Заманауи ғимаратта мүмкіндігі шектеулі балаларға жедел саты ...

Читать далее »

«Сарыағаш-Мақтаарал» бағытында темір жол салынады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында Үкімет тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған. Олар қазіргі таңда өңірде тиісті жұмыстарын атқаруда. Біздің тарапымыздан теміржолдың жүретін жері белгіленіп, жерді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр, — деді Арман Айдарұлы. Аудан басшысының айтуынша, биыл 9 айдың ...

Читать далее »

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. І кезеңдегі іссапарда облыстың 15 қызметкері жұмыс жүргізуде. Оқыту семинары жапон білім беру сарапшыларының шебер сыныптарына қатысып, мектептеріне барып сабақты зерттеуді бақылау ...

Читать далее »

Сайрам ауданына 9 айда 39 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Сайрам ауданына биылғы жылдың 9 айында 38,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 18,3%-ға өсіп отыр. Бұл жайында аудан әкімі Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, аудан басшысы аймақта жалпы өңірлік өнім көлемінің де едәуір артқандығын жеткізді. Дәлірек айтар болсақ, 2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 185 млрд. теңгеге жетіп, өсім 103,3 %-ды құраған. — Ауданда өнеркәсіп саласында ...

Читать далее »

Жетісайда тоқыма фабрикасы салынады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов айтты. Оның сөзінше, биыл 9 айда ауданның негізгі капиталына 16,6 млрд теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 млрд теңгеге жеткен. – Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін ...

Читать далее »