Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық — 11 мектеп, 600 орындық — 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық — 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық — 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады.

Биыл 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелер анықталды. Олар 2024 жылы пайдалануға берілетін болады. Қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады. «Ұлттық жоба» аясында облыстағы апатты 8 мектептің үшеуінің, үш ауысымға өту қаупі бар 21 мектептің 14-нің мәселесі шешілетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі