Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол таңбалары сызылды

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады.

Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша 12 орында, Әл-Фараби ауданында 36 орын, Еңбекші ауданында 17 және Қаратау ауданы аумағында 3 орында жол таңбаларына кедергі келтіретін ағаш орындары ауыстырылды.