Шымкент

Әл-Фараби ауданы тұрғындарына Президент Жолдауы түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауды кеңінен түсіндіру мақсатында Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жиналыс өтті. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев төрағалық еткен басқосуда Кардиология орталығының дәрігері Гүлмира Әлімбаева, қалалық әйелдер кеңесі қоғамдық ұйымының төрайымы Баян Жандосова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ...

Читать далее »

Қала мектептерінде Тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған ...

Читать далее »

Биыл Солтүстік саяжай шағын ауданы сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент әкімінің тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, шалғай орналасқан елдімекендердің инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі — Абай ауданы аумағында орналасқан Солтүстік саяжай шағын ауданында құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Мердігер мекеме «Бес Қара» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында басталған. Жалпы ұзындығы 151,8 шақырымды құрайтын ішкі орамдық ауыз ...

Читать далее »

2500 азамат 3 ай мерзімге оқуға жолданды

Шымкент қаласының тұрғыны Зарина Кеншінбаева – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде биыл 3 айлық кәсіптік оқу курсына жолданған бағдарлама қатысушыларының бірі. Ол қазір «Мөлдір» оқу орталығында «тігінші» мамандығы бойынша білім алуда. – Мен бала күтімімен біраз жыл жұмыссыз үйде отыруыма тура келді. Әлеуметтік желіден қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсының басталатынын естіп, мамыр айында жұмыспен қамту орталығына барып құжат тапсырдым. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасына қаралатын қаржы 10 есеге артады

Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды. Шымкент қаласында бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда. Келесі жылы жобаға қаралатын қаржы 10 есеге артып, 3 млрд. теңгеге жетеді. ...

Читать далее »

Шымкент циркінің мамандары балаларға шеберлік сағатын өткізді

Шымкент қаласындағы «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент — Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты. Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты. Иппотерапияға қатысқан балалардың ...

Читать далее »

Шымкентте 15-қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе салынады

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының бас дәрігері Б.Позилов пен қалалық Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Б.Позилов тұмауға қарсы жүргізілетін вакцинациялау жұмыстары туралы айтты. – «Балаларға вакцина салынады» деген қауесет халықты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай ақпаратты таратуды доғару керек. Ал ағымдағы жылдың 15-қыркүйегінен бастап елімізде тұмауға қарсы екпе салдыру ...

Читать далее »

Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселеді

Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол болып табылады. Биыл мұнда 89,1 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 62 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған. Қала әкімінің Қаратау ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі ...

Читать далее »

Биыл Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады

Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272 көшенің 36 көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды. Бұл туралы мегаполис әкіміне энергетика және инфрақұрымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.   Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а ...

Читать далее »

Мәслихат депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады.   Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ...

Читать далее »

Қаратау ауданындағы 12 мың тұрғын мемлекеттік электр қуатына қосылады

Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80 пайызға жуығы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалғаны жекеменшік трансформатордан қуат алады. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайын қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков таныстырып өтті.   Оның айтуынша, ауданда қуаттылығы ...

Читать далее »

Шымкентте жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкент қаласында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларын жүйелі жүргізу басты назарға алынған. Осыған орай, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 21 942 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. Ал 2021 жылдың 8 ай көрсеткіші бойынша нақты 17 129 адам жұмыспен қамтылды. 2021 жылдың 8 айында бағдарламаның бірінші ...

Читать далее »

Қаратау ауданында сенбіліктер ұдайы өткізіліп тұрады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаратау ауданына барған сапарында атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі аумақтағы тазалық жұмыстары жөнінде баяндады. Биыл ауданда көктем мезгілінде тоғыз рет сенбілік ұйымдастырылған екен. Сенбілікке  он бес мыңнан  астам тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысқан. Елу  сегіз  техника жұмылдырылып, сексен  бес шақырым ирригациялық арықтар тазартылған. Сонымен бірге, он мың түп ағаш көшеттері отырғызылып,  мың  бір  жүз тоқсан  ...

Читать далее »

Президент Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданында актив жиыны өтті

Шымкент қаласының «Асар» шағынауданындағы № 90 мектепте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданының актив мәжілісі өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы мақсатта бұған дейін қала активімен, 3 ауданның тұрғындарымен кездескен болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы тұрғындарына да Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, ...

Читать далее »

Шымкентте тұрғын үй бағасы 4 пайызға төмендеген

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралып, инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені қабылданды. Селекторлық режимде өткен жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты. Еліміздегі баға өсімі бойынша баяндаған ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Шымкентте соңғы айларда тұрғын үй ...

Читать далее »

Тіл — Тәуелсіздіктің тірегі!

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы ұлы мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталықта 2021 жылдың 06.09-30.09 аралығында жылдық жұмыс жоспары негізінде гуманитарлық пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) педагогтері арасында «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта) айлық іс-шара басталды. Айлық іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілді кеңінен қол¬да¬нуды насихаттау, тіл-тату¬лықтың, ...

Читать далее »

С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Биыл Шымшаһарда 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, С.Бәйтереков, Т.Рысқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар. Шымкенттегі басты магистралды, көлік ағыны жоғары көше болып табылатын С.Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.   Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. ...

Читать далее »

Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді. Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі — қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері — №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.   №17 автобус бағыты — «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында ...

Читать далее »

Иппотерапия циркте

Бүгін Шымкент Цирк мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернаттың 15 оқушысы және қызығушылық танытқан балалар мен ата-аналары қатысты. Олар Шымкент — Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты. Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысып шықта. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.   Иппотерапияға ...

Читать далее »

Биыл Достық тұрғын алабын электрмен жабдықтау жұмысы аяқталады

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы «Жолсерік» ЖШС тарапынан биылғы жылдың маусым айында басталған. Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімі М.Әйтеновтің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.   Қазіргі уақытта мұнда екі жүз жиырма ...

Читать далее »