Шымкент

Нұртас шағынауданында ауыз су мәселесі шешілді

Шымкент қаласы, Қаратау ауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды. Нәтижесінде Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл шағын ауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбыры орнатылып, абоненттеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Сондай-ақ, Нұртас ...

Читать далее »

Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлей аласыз

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR код бойынша оп-оңай төлей аласыз. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсету қажет. QR код арқылы ...

Читать далее »

Шымкентте әлеуметтік қолдау орталығы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түрлі қызметтер көрсетіп, олардың бас қосатын орнына айналмақ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықты аралап, онда көрсетілетін қызметтермен танысып шықты. М.Әйтеновтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Оларға мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал ...

Читать далее »

Қалада Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсіні орнатылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында Шымкент қаласындағы орталық саябақта мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсіні орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов пен зиялы қауым өкілдері қатысты. – Шымкентте күні кеше әйгілі режиссер Жұмат Шаниннің ескерткіші ашылса, бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің мүсіні орнатылды. Өзбекәлі Жәнібеков ХХ ғасырда қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін қайта түлетіп, ұлтымыздың ...

Читать далее »

Бәйдібек би — Арғынбеков жолайрығының құрылысы басталады

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Бәйдібек би — Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы басталады. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мердігермен бірлесе нысан аумағындағы кәсіпкерлермен көшпелі жиын өткізуде. Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр аралықта жол құрылысы жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол ...

Читать далее »

Тәуелсіздікке тарту: Шымкентте 240 автобус пайдалануға берілді

Үшінші мегаполисте Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қоғамдық көліктер 240 автобуспен толықты. Әкімшілік-іскерлік орталығында жаңа қоғамдық көліктерді маршруттарға үлестіру шарасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қырымбек Елеуұлына қоғамдық көлік желісін дамыту кешенді схемасын таныстырды. – Соңғы жылдары Шымкентте қоғамдық көлік қызметі жылдан жылға жетіліп келеді. Қазіргі таңда қалада 14 ...

Читать далее »

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 112 отбасыға пәтер кілті тапсырылды

Шымкенттің «Нұрсәт 2» шағынауданында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында арендалық үйге қол жеткізген көп балалы және әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға пәтер кілттері тапсырылды. Салтанатты іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан шаһар басшысы пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтады. – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 112 отбасыға жаңа ...

Читать далее »

Мегаполисте Жұмат Шанинге арналған ескерткіш ашылды

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақ театрының тұңғыш режиссері Жұмат Шанинге арналған ескерткіш ашылды. Еңселі ескерткіштің ашылауына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, Ж.Шаниннің ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлттың ұлы тұлғаларына құрмет көрсету перзенттік парыз екенін алға тартқан М.Әйтенов жиылған қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. – Шымкент театры Жұмат Шанин есімін 1972 жылы иеленді. ...

Читать далее »

Шымкентте биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,6 млн. шаршы метрді құрайтын 275 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Салынып жатқан үйлерден барлығы 14 551 пәтер тапсырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 400 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ...

Читать далее »

Республикалық IQ Doda жүлдесі Шымкенттің еншісінде

ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында республикалық IQ Doda зияткерлік ойыны өтті. Үшінші мегаполистің «Шымқала» командасы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 17 құраманың арасынан жүлделі үшінші орынды иемденді. Зияткерлік ойынның мақсаты — “Рухани жаңғыру” бағдарламасы идеяларын жүзеге асыру, қазіргі заманның жаңа жағдайларына сәйкес стандартты емес дербес ойлауды, интуицияны, зияткерлік қабілетті дамыту, табыстың іргелі факторы ретінде жаңашылдық пен ...

Читать далее »

Шымкент 2025 жылға дейін 101 жаңа мектеппен толығады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Президент тапсырмасына сәйкес республика көлемінде салынатын бір мың жаңа мектептің 101-і, яғни, әрбір оныншы мектеп Шымкент қаласында бой көтеретінін мәлімдеді. «Ағымдағы жылы 32 мектептің құрылысы жүргізіліп, 11 764 орындық 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды. ...

Читать далее »

«Бизнестің жол картасы-2025»: Шымкентте 2 мыңға жуық жоба қаржыландырылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін бір жылға ұзарту жөніндегі шешімі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. «Қалада «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 8,9 млрд.теңге бөлінген. Бүгінде бағдарлама шеңберінде 7,8 млрд. теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ...

Читать далее »

М.Әйтенов: Денсаулық сақтау саласында басты мақсат – қызмет сапасын арттыру

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – қызмет сапасын арттыру екенін айтты. «Жолдауда Президент медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен ...

Читать далее »

Елордада Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің баспасөз конференциясы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен брифинг өтті. Онда үшінші мегаполис әкімі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Шымкентте өткен он бір айда барлық салада экономикалық өсім динамикасы байқалды. Экономиканың негізгі секторларына жеке тоқталар болсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 6,3 пайызға, ...

Читать далее »

Ақтас-2 елдімекенінде ауыз су мәселесі шешілді

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекені тұрғындары бүгінге дейін ауыз суды тасымалдап тұтынып келген болатын. Бұл мәселені шешу үшін ағымдағы жылы су құбырларын орнату үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры орнатылып, Ақтас-2 елдімекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде ...

Читать далее »

Шымкентте барлық көрсеткіш бойынша өсім байқалады

Биыл 11 айда елімізде құрылыс саласына инвестиция тарту 2,1 есеге артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады. Министрдің айтуынша, инвестициялар құрылыс саласында – 2,1 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 50,5, ауыл шаруашылығында – 40,5, саудада – 34,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 18,6 және қаржы саласында 14,2 пайызға өскен. «Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы ...

Читать далее »

Шымкент: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 11 азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізді. Қаратау ауданы Бозарық елді мекенінің тұрғыны Алмасхан Еспаев Таскен шағынауданы тұрғындарына өз есебінен ауыз су жүйесін жүргізген, оны коммуналдық меншікке қабылдауға ықпал етуді сұрайды. Қала әкімі бұл азаматтың өтінішін жеке бақылауына ...

Читать далее »

2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытындағы халықаралық теміржол құрылысы басталады

2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытында жоғары жылдамдықты пойызға арналған халықаралық теміржолдың құрылысы басталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған жобаның маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, өңір басшысы теміржолдың салынуы Түркістан өңірінің ғана емес, еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді. «Апта басында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев кездесіп, мемлекетаралық келісімдерге қол қойды. Соның ішінде Түркістан ...

Читать далее »

Шымкентте отбасылық үлгідегі кітапхана жаңғыртылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №2 және №5 кітапхана бөлімшелері жаңғыртылып, бүгін оқырмандарына есігін айқара ашты. Жаңғыртылған бөлімшелер белгілі бір тақырыпқа бағытталған. Мәселен, №2 бөлімше мәдениет, өнер саласына арналса, №5 бөлімше Абай шығармашылығын негізге алған. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, «Ауыл» социал-демократиялық париясы Шымкент қалалық филиалының ...

Читать далее »

Шымкенттегі медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Президентінің 2021 жылғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Шараға бейнеконференция байланысы арқылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев пен жергілікті кәсіпкерлер және сала басшылары қатысты. Елімізде «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін ...

Читать далее »