Түркістан облысы

Д,Сатыбалды призвал туркестанцев поддержать акцию “Таза Қазақстан”

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева в стране стартовала акция “Таза Қазақстан”. Она продлится пять недель. Первая неделя называется “Чистый край”. Туркестанцы с радостью приняли эту инициативу и активно принялись за очищение территорий. Аким области Дархан Сатыбалды посадил деревья в парке “Белсенді” и озвучил свой призыв по поводу поддержки зеленой акции “Таза Қазақстан”. Глава региона обменялся мнениями с молодыми активистами, ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды түркістандықтарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды «Белсенді демалыс» саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді. Жаңа акцияны қолдау жөнінде өз үндеуін жариялады. Экологиялық акцияға қатысқан жастармен жүздесіп, ...

Читать далее »

Түркістанда адам құқықтарын қорғауға бағытталған семинар-тренинг өтті

Түркістанда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті. Оған ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі мен Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев семинарды ашып беріп, адам құқықтарын қорғау басты міндет екендігін атап өтті. – Бүгінгі күні отбасы құндылығының әлсіреп, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің көбеюі бәрімізді алаңдатуда. ...

Читать далее »

Ордабасылық жастар мен аға буын Республикалық экоакцияға үлестерін қосты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан жастары аға буынмен бірлесіп игі істі қолға алды. Олар орталық саябақта 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов акцияда белсенділік танытқан ардагерлер мен жастарға алғысын айтып, тұрғындарды ауданды көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуға шақырды. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — экомәдениетті қалыптастыру, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін қазіргі жастарымыз қоршаған ...

Читать далее »

Сарыағаштық жастар экоакция аясында мүсіндерді әрледі

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы барысында ауқымды істер жалғасын табуда. Осыған орай, сарыағаштық жастар Жібек жолы ауылдық округінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ағаш түптерін әктеп, мүсіндерді әрледі. Акцияның негізі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Түркістан облысының ...

Читать далее »

Түркістан қаласының көгалдандыру аумағы 19 460 гектарға ұлғаяды

Түркістан қаласында бүгінгі күні саябақтар саны 32-ге жетті. Бұл саялы орындардың жалпы аумағы 318 гектарды құрайды. Сонымен қатар 15 жасыл алаң, 32 аллея мен гүлзарлар мен гүл өсетін аумақтар рухани астананың ажарын ашып тұр. Бүгінде қалада саябақтар мен скверлер саны артып келеді. Соның бірі – «Бекзат» мөлтек ауданындағы Жаров көшесі бойында жаңа саябақтың құрылысы басталды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ...

Читать далее »

Экологиялық акция аясында Арыс қаласы гүлмен көмкерілуде

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шаралар іске асуда. Бүгін орталық Әл-Фараби алаңы маңында әсемдігі көз тартатын түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Алдағы уақытта қаладағы саябақтар мен аллеялар да гүлге көмкерілмек. Раушан, канны, ирис, маргарита, виола сынды көпжылдық және маусымдық гүлдер отырғызылуда. Жалпы жыл соңына дейін қаланы көгалдандыру бойынша 13 мың түп гүл отырғызу жоспарланған. Бұл ...

Читать далее »

Қазығұртта «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтіп жатыр

Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы қоғамдық орындарға 27 500 түп көшет мен гүлдер отырғызылды. Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқаруда. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысып жатыр. Түркістан облысының Өңірлік ...

Читать далее »

Сарыағаштықтар экологиялық акцияға белсене қатысуда

Бүгін Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бастама аудандағы «Жібек жолы» кеден бекетінен бастап, республикалық маңызы бар автожол бойына дейін жалғасты. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыстар шығарылып, ағаштар әктелді. Тазалық жұмыстарына аудандағы еріктілер мен белсенділер, жастар және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысуда. Бұдан бөлек, экологиялық акция аясында аудандағы орталық аурухананың қызметкерлері де аурухана маңында тазалық ...

Читать далее »

Отырарда экологиялық акция аясында саябақтар мен демалыс орындары қоқыстан тазартылып жатыр

Отырар ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында белсенділік танытуда. Жалпыхалықтық іс-шараға 300-ге жуық адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылған. Аудан орталығының басты көшелерінің бірі «Жібек Жолы» даңғылы бойындағы саябақтар, скверлер мен демалыс орындары толық тазартылып жатыр. Нәтижесінде 30 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, акция аясында аудан орталығын көріктендіру мақсатында арнайы орындарға «Петушок», «Алиссум», «Шафран», «Бархатцы» секілді ...

Читать далее »

Бәйдібектіктер Республикалық экологиялық акцияға отбасыларымен бірге атсалысуда

Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте аудандағы Шаян ауылдық округінде «Менің талым!» атты отбасылық акциясы өтті. Акцияға ауыл әкімдігінің кызметкерлері отбасыларымен бірге қатысып, 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Шаян ауылдық округінің әкімі Айнұр Әуелбекованың айтуынша, акция — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өз көшеттерін отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған. Түркістан облысының ...

Читать далее »

Сайрамда экологиялық акция аясында 3 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Игі шараға елді мекен тұрғындары, ерікті жастар мен мемлекеттік қызметкерлер белсене атсалысуда. Жасалған жұмыс нәтижесінде көше бойлары толықтай тазартылып, саябақтар мен скверлердегі ағаштар әктелді. Сонымен қатар, көше бойларына 2870 түп ағаш көшеті отырғызылған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Читать далее »

Ордабасылық дәрігерлер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын. Осы орайда Түркістан облысында «Таза өлке» апталығы басталып, аудан-қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 1 000-нан астам гүл отырғызды. Сонымен қатар, бүгінде аудан бойынша акция аясында ағаш көшеттері егілуде. Одан бөлек, әр ауыл округте ...

Читать далее »

«Таза Қазақстан» акциясына Созақтықтар белсене атсалысуда

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған бастамаға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар аса белсенділікпен атсалысуда. Атап айтқанда, 100-ге тарта медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы арықтарды тазалап, тал көшеттерін әктеуде. Сондай-ақ, қоқыс қалдықтарын жинауда. Сонымен қатар, еріктілер «Жасыл белдеу» ...

Читать далее »

Мақтааралда Республикалық акция аясында 5 000 түп гүл егіліп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары басталды. «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 000 түп георгина, 1 500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан сынды гүлдердің бірнеше түрі егіп жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. «Егіліп жатқан гүлдердің өз ...

Читать далее »

Саурандықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізілмек. Сауран ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда аудан көлемінде ағаштардың түбін қопсыту, сырт келбетін көріктендіру, көшет орындарын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Алдағы уақытта 26 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұған дейін наурыз айында Сауран ауданына ...

Читать далее »

Кентауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Қаланың кіреберіс келбетіне көрік беру мақсатында жерді қопсыту жұмыстары атқарылып, 5 мың дана раушан гүлі отырғызылды. Одан бөлек, 20 мың дана раушан гүлін шаһар көшелеріне, ал аллеялар мен саябақтарға 40 мың дана біржылдық гүлдер отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, қаладағы аллеяларды көріктендіру жұмыстары жүргізіліп ...

Читать далее »

Түркістан облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қолдау көрсетуде

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен. Нақтырақ айтсақ, «Таза өлке – Түркістан» науқаны бойынша Түлкібас, Шардара аудандарында күллі мұсылманға ортақ Рамазан айт мейрамы қарсаңында тазалық жұмыстары қарқын алды. Түлкібас ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына тұрғындар белсене кіріскен. ...

Читать далее »

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Ордабасылықтар белсенді атсалысуда

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Арнайы белгіленген аумақтарда тазалау жұмыстарымен қатар, 3000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, Қарабастау ауылының азаматы Нұрзат Ортайдың демеушілігімен көшет егілген аумақ толық қоршауға алынды. Тұрғындар ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде атсалысып жатыр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Читать далее »

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кәсіпорындар мен мекемелер аулаларында сенбіліктер өткізіп жатыр

Еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы басталған болатын. Игі бастамаға төлебиліктер де қолдау білдіріп, аудан аумағында 29 600 дана көшет отырғызған. Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, көгалдандыру жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, аудан көлемінде инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру жағдайларын алдын алу жұмыстары қолға алынған. Өңірдің белсенді жастары, елдімекен ...

Читать далее »