АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының мүшелері бүгін Түркістан облысының жедел жәрдем бөлімінде кездесу өткізді, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың прогрессивті мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті. Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев АЭС салу бастамасының түпкі мәні энергетикалық қауіпсіздікті қамтудан туындайтынын мәлімдеп, «Біз, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін ойласақ, АЭС салудың маңызы зор екенінін түсінуіміз қажет. Себебі, энергетика қашан да, ел дамуының негізгі қозғаушы ...
Читать далее »Түркістан облысы
Сауран: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың басшыларын тыңдау туралы жер қатынастары бөлімінің ...
Читать далее »Өмірін кітапханаға арнаған еңбек адамы
Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі — сарыағаштық Гүлсара Көбенова. Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп-өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл ...
Читать далее »Төлебиде ғұмырларын еңбекке арнаған әулет бар
Төлеби ауданында ҰОС ардагері Отарбай Есболовтың әулеті түгелдей еңбек адамдары. Олардың еңбек өтілі жүз жылға жуықтайды. Әулеттің үлкендері өткен ғасырдың 47 жылдары білім саласында еңбек ете бастаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Әулеттің екінші буын өкілі Шырынбек Есболов білім саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, мектеп ұжымын басқарып,саналы ұрпақ тәрбиелеген. Бұл күнде Төлеби ауданының Құрметті азаматы. Үшінші буын ...
Читать далее »Төлебилік шебер ер тұрманның 20-дан астам түрін түгендеп кітап жазған
Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов ер тұрман жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаға 300-ге жуық адам арнайы тапсырыс беріп, алатын ерін күтіп жүрген ...
Читать далее »Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы
Әділхан Мәлік — суреттері арқылы өзіндік стиль мен дәстүрлер сабақтастығын қалыптастырған жан. Суретші мақсаты — туған жердің тасын түрлендіре суреттеу, тарихын мақтан тұту,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Оның Отырарда туған Фарабилер шоғырынан бастап, Отырар қорғанысы, Отырар кітапханасы, Отырардың тыныс-тіршілігі сынды тақырыптық және еркін форматта салынған картиналары арының таза, жанының мөлдірлігін, рухының асқақтығын көрсетеді. Киелі Отырар өңірінен шыққан ...
Читать далее »Президент Түркістан облысының «SPK Turkistan» өндірістік паркіндегі кәсіпорындармен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралап көрді. Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бастапқыда жалпы құны 96,9 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге ...
Читать далее »Президент Түркістанда жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Президенттің арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан. Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен жүздесті. – Қастерлі Түркістан жеріне арнайы келіп ...
Читать далее »Түркістан: «Достық үйінде» ҚХА Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі — ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат ...
Читать далее »Түркістан: Қазығұрт ауданында 4 жаңа мектеп бой көтерді
Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 млн теңге қаржы қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл жаңа оқу жылында аудандағы Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «CK ...
Читать далее »Түркістан облысындағы балабақшаларға воучерлік жүйе енгізіледі
Түркістан облысындағы балабақшалардың жұмысы жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың сапалы жұмыс жүргізілуі басты назарға алынып, балабақшаларды ретке келтіру мақсатында цифрландыру және воучерлік жүйе енгізілмек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Воучерлік жүйе арқылы ата-ана бәсекеге қабілетті балабақшаны таңдап, қаржысын соған жұмсауға ықпал ете алады. Биыл балабақшаларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар кемшілік ...
Читать далее »ҚР Президентінің кеңесшісі Түркістандық жастармен кездесті
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының жастарымен кездесті. Жиынға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев модераторлық етті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында елімізде іске асырылатын жобалар жөнінде айтылды. Сонымен қатар, 6 қазан күні өткелі отырған республикалық референдумға жастарды белсенді қатысуға шақырды. Жиында «Жастар рухы» жастар қанатының ...
Читать далее »Түркістан: Президенттің кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті
Сапалы білім беру – қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізі. Ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, кәсіби біліктілігін көтеруіне, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге ықпал етеді. Білім саласы туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек етті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жолдауда білім саласына көп көңіл бөлінген. Білім беру жүйесінің сапасы жоғары болған сайын, қоғамның инновациялық ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде ...
Читать далее »Президент Түркістандағы «Білім-инновация» лицей-интернатында болды (видео)
Мемлекет басшысы Түркістанға сапары аясында «Білім-инновация» лицей-интернатында болды, деп хабарлайды 24kz. Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Бұл лицейде жаратылыстану-математика бағытына басымдық берілген. Атап айтқанда, физика, химия, биология, математика және информатика пәндері бойынша сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Негізі бұл нысан жыл басында пайдалануға берілген. Лицей-интернат Кентаудан Түркістан қаласына көшірілген. Қазір мұнда 500-ден астам ...
Читать далее »Түркістанға айналма жол ауадай қажет
Шаһар көлемі ұлғаюына байланысты бұрындары айналма жол ретінде болған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі бүгінгі таңда жаңарған қаланың орталығында қалып қойды. Мемлекет және қалааралық қатынастағы үлкен жүк көліктері, сол секілді өзге де көлік құралдары қала орталығынан өтуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде жергілікті көлік қатынасына едәуір кедергі келтіруде. Тіпті осы маңда жол-көлік оқиғаларының жиі орын алатынын да жасыра алмаймыз. Себебі ...
Читать далее »Түркістандықтар аспанмен астасқан үйде тұрады
Облыс орталығы атанғалы бері Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан нысандардың қатары мол. Осыдан 4-5 жыл бұрын 7-8 қабатты үй салынады екен дегенге үрке қарайтын жергілікті халық енді 20 қабатты үйдің тұрғындары атанбақ. Өркениетке бастаған осынау жобалар қасиетті мекеннің күншығыс бөлігіндегі жаңа қала аумағын күн өткен сайын көріктендіре түсуде. Тарқатып айтсақ, әлгі жиырма қабатты үй деп отырғанымыз тура жаңа қаланың қақ ...
Читать далее »Түркістан облысында заңсыз 13 ойын залының жұмысы тоқтатылды
2024 жылдың 9 айында департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы 10 қылмыстық іс тіркеліп, 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Диас Сүлейменов мәлімдеді. «2023-2024 жылдары аралығында ...
Читать далее »Халықтық штаб өкілдері саурандықтармен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың өкілдері Сауран ауданындағы «Қамқорлық бөлімшесі» орталығында, А.Байтұрсынов атындағы білім ұясының ғимаратында ардагерлермен, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Іс-шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов, энергетика саласының мамандары мен зерттеуші ғалымдар көпшілікке АЭС-тің пайдалы тұстарын айтып, құрылыс қолдау тапқан жағдайда қандай өзгерістер орын алатынын жеткізді. — Штаб мүшелері ...
Читать далее »Түркістан облысында орналасқан 2000 жылдық тарихы бар ғибадатхана орны зерттелді
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың Н.П.Подушкин атындағы археология орталығының басшысы, т.ғ.д., профессор А.Н.Подушкиннің жетекшілігімен Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округіне қарасты, Қызылкөл ауылындағы «Қызылкөл» тарихи-мәдени аймағында стационарлық қазба жұмыстарын жүргізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы археологиялық қазба жұмыстарына университет орталығының қызметкерелінен бөлек, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінің қызметкерлері де қатысты. Бұл аймақта бірнеше маңызды ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
