Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан жарысты

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техникадан байқау өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлікке машықтандыру, робототехника және бағдарламалау қабілетін дамыту, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау.

Байқауға жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 8-9 сынып оқушылары арасынан 17 өтінім түсіп, 10 команда бақ сынады.

Қатысушылар 3 кезең бойынша роботтарды құрастырып, оларға бағдарлама енгізді. Сонымен қатар, құрастырылған робот кедергілерден өтіп, оқушылар машинаны басқарумен де сынға түсті. Бұдан бөлек, роботтар стандартты алгоритмдер мен бағдарламалық шешімдерді орындады.

Байқау қорытындысында төлебилік «ARDUOUS MASTERS» командасы жеңімпаз атанып, 500 мың теңгені қанжығасына байлады. Ал, Кентау қаласынан келген «TURKISTAN ROBO PRIME» командасы екінші орынға жайғасып, 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық жеңіп алды. Ал, үздік үштікті Бәйдібек ауданынан келген «ROBO BRAND» командасы қорытындылап, 200 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық команда 70 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

x

Check Also

Түркістанда дропперлікпен күрес және қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті. Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Ермахан Мырзабай ...

Түркістандағы балалар кітапханасында отбасы құндылығына арналған іс-шара өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кештің ...