Сауранда ауданында емхана салу мақсатында инвесторлармен келіссіздер жүргізілді

Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратов пен аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрсұлтан Қарабаев және ақсақалдар алқасының мүшесі Жакеев Шүкірхан Көкшетау қаласына арнайы іссапармен барды. Онда аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне тұрғындарының сұраныстарын жүзеге асыру мақсатында емханаға салу бағытында инвесторлармен кездесіп, келіссіздер жүргізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің есепті кездесулерінде тұрғандар тарапынан емхана, аурухана салу мәселесі бұған дейін бірнеше рет көтерілген-ді. Алдағы уақытта инвесторлар есебінен жаңа заманауи үлгіде аудан орталығынан емхана салынатын болады. Бүгінде ұлттық құндылығымыз — баға жетпес адам өмірін сақтауда, сондай-ақ әрбір жанның қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде медицина қызметкерлерінің атқаратын істерінің маңызы зор.

Ауданымызда медицина саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқандығы және Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында осы денсаулық саласын назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде елімізде аурудың алдын алып, бұл саладағы әлемнің озық әдістерін меңгеруде айтарлықтай істердің тындырылып жатқандығы бәрімізге белгілі.

x

Check Also

Түркістан өңірі мақта-тоқыма кластерінің жаңа дәуірін қалыптастыруда

Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен ...

Түркістан облысы: Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторларды жаңғырту жұмыстары жүреді

Түркістан облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі» Ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы 163 млрд 850 млн ...