Түркістан облысы — Страница 90 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын ...

Читать далее »

Патерналистік көңіл-күйді төмендетудің жолдары

Патерналистік көңіл-күй, әсіресе әлеуметтік және саяси контекстте, мемлекеттің немесе басшылықтың азаматтардың өміріндегі артық бақылауын және олардың шешім қабылдау қабілеттеріне шектеулер қоюын білдіреді. Бұл көңіл-күй қоғамдағы белсенділікті, дербестікті төмендетіп, халықты мемлекетке тәуелді ететін факторлардың бірі болып табылады. Түркістан облысында патерналистік көңіл-күйді төмендетудің маңыздылығы, оның жолдары мен қоғамға тигізетін әсері осы мақалада талқыланады,- деп хабарлайды turkistan.today 1. Патернализм және оның қоғамдағы көрінісі ...

Читать далее »

Түркістан қаласының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды ...

Читать далее »

М.Таңғатаров: Ауданда туризм саласын дамыту бағытында кешенді шаралар қабылдау қажет

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжіліске әкімдік мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда аудан көлемінде туризм саласын дамыту бағытында атқаралып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы кәсіпкерлік және ...

Читать далее »

Сауран ауданының әкімі қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетті

1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қазыналы қарияларымыздың шаңырақтарына арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Мақсат Таңғатаров ардагерлеріміздің жүріп өткен жолы – елдік пен ерлік жолы екенін айтты. Ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың әділдікті, елдікті, ақиқатты ту етіп жүріп өткен осынау жолы жас ұрпақты әрқашан ерлікке, Отанды сүюге бастайтынын ...

Читать далее »

Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 8 айда 200 мыңға жуық жолаушы қатынаған

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық ...

Читать далее »

Түркістан музыкалық драма театрының IV маусымы «Шәмшімен» ашылады

Түркістан музыкалық драма театрында IV маусымның ашылуына қызу дайындық жүріп жатыр. Жаңа маусым шымылдығын Байділдә Айдарбектің «Вальс королі» спектаклімен түріледі. Бүгін бұл туралы толығырақ театрда өткен баспасөз жиынында баяндалды. Аталған театр биыл сәуір айында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді. Бәйгеге түскен шығармалар ішінен Байділдә ...

Читать далее »

Түркістанда мерекеге орай тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды

Бүгін Түркістан өңірінде мерекеге орай 17-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі жыл бұрын облыс орталығында дәл осындай алғашқы нысан пайдалануға берілген болатын. Орталықтың қызметіне зейнеткерлердің арасында сұраныс жоғары болуына байланысты биыл сәуір айында қаладағы «Бекзат» тұрғын алқабынан №1 филиалы ашылса, бүгін «Отырар» тұрғын алқабынан №2 филиалы қызмет көрсетуге дайын. Салтанатты ашылу рәсіміне ...

Читать далее »

АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету — стратегиялық мәселе. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды. Мәселен, «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, ...

Читать далее »

АЭС – заман талабы

АЭС – салу заман талабы. Салынатын Атом электр станциясы қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қадағалау маңызды. Ол үшін бұл салаға өз ісін жетік білетін мамандар қажет. Мамандарды дайындау кезінде тәжірибесі мол, бұрыннан АЭС-тың игілігін көрген алып мемлекеттермен кеңескен жөн. Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция сынды елдерге мамандарымызды тәжірибе алмасу үшін жіберіп, олардың біліктілігін арттыруды басты мақсат етуіміз керек. Оқып келгендер де өздеріне ...

Читать далее »

Сауран: Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөніндегі атқарылған іс-шаралары ...

Читать далее »

Сауран: Қарттарымызға құрмет көрсетілді

1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының ...

Читать далее »

Түркістан: Отбасы – ұлттың тірегі

Түркістан қаласында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты байқау өтті. Сайысқа 6 өнерлі отбасы қатысып, төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Қатысушылар зияткерлік сұрақтарда тапқырлық танытып, командалық сайыста тартысты ойын көрсетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық тәрбиені жаңғырту. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін көрсете отырып, асыл мұрамыз болған салт-дәстүрлерімізді жаңғырту. Мемлекет құндылығы саналатын ...

Читать далее »

Түркістан: «Жаңа өмірге» жаңа қадам

Түркістан қаласында пробациялық бақылауға алынған азаматтар арасында «Жаңа өмір» атауымен спорттық сайыс өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстың алдын алып, құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған шара 30-дан аса азаматты қамтыды. Спорттық жарыста «Түркістан», «Яссы», «Тұран», «Шауғар» командалары футбол, арқан тарту, гір тасын көтеруден сайысқа түсті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, ...

Читать далее »

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды

Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды. Бокстан өтіп жатқан турнир 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Жарысқа Өзбекстан мен Қырғызстан республикасынан, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған қалалары және Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облысы және Түркістаннан жалпы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. Бұл дода 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды ...

Читать далее »

Түркістанда триатлоннан Азия және Қазақстан кубогы өтті

Түркістан қаласындағы жаңадан салынған ескек есу каналында триатлоннан элиталық және жастар арасында Азия кубогы мен ел кубогы сарапқа салынды. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстаннан барлығы 36 спортшы қатысып, бас жүлдеге таласты. Екі сынақ бойынша өткен жарыста жастар және элиталық болып бақ сынасты. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаздар ...

Читать далее »

Түркістанда 19 мемлекеттің қолөнершілері бас қосты

Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Келелі басқосуға 19 елдің 30-ға жуық қолөнершілері қатысты. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен ұйымдастырылған жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру. Бүгінде Түркістанда құрамында 115 мүшесі бар «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Қолөнершілерді ...

Читать далее »

Түркістан: Әлеуметтік сала мамандары «Самғау» оңалту орталығының жұмысымен танысты

«Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, дамуында қиындықтары бар балаларды кешенді сүйемелдеу моделінің авторы Майра Сүлеева Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің жұмыс барысымен танысқан Майра Сүлеева ұжым мүшелеріне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың игілігі үшін қызмет етуіне тілектестік білдірді. Саналы ғұмырын мүгедектігі бар азаматтардың сауығуы мен қолайлы жағдай жасауға арнаған білікті маман қызмет көрсетуде жаңа ...

Читать далее »

В Туркестанской области в этом году ведутся строительно-ремонтные работы более 1 тыс. км дорог

Общая протяженность автомобильных дорог по Туркестанской области составляет 17 700 километров. По итогам 2024 года планируется довести долю дорог областного и районного значения в хорошем и удовлетворительном состоянии до 93,7%. Об этом на брифинге сообщил руководитель Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области Куатжан Жуматаев. «В 2024 году всего проведено строительно-ремонтных работ 248 объектов, то есть 1 061,3 км ...

Читать далее »

Түркістан облысында биыл 1 мың шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. 2024 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді. «2024 жылы жалпы 248 нысан, яғни 1 061,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүрді. Жыл ...

Читать далее »
Яндекс.Погода