Түркістан облысы — Страница 72 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан: Базардағы кітапханаға 10 мыңдай оқырман келген

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пунктіне ат басын бұрып, сондағы жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып, креативті идеялардың тууына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ аудан, қалаларда жалғасып жатқанын атап өтті. ҚР ...

Читать далее »

Түркістан: «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты облыстық байқау өтті

Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Өздеріңізге белгілі, қазақ халқы әлемдегі салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Тәрбиелік маңызға ие бұл байқауды, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алдық. Облыстың барлық аудан, қаласында жалғасын тауып, жастарға үлгі-өнеге көрсететін ...

Читать далее »

Сарыағаш медресе-колледжіне «кітапты сыйға тарту» акциясы аясында 300-ден астам кітап сыйға тартылды

Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев , «FARAB» облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Таженова, Облыстық дін істері басқармасы басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Ержан Төлепов, «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Дінмұхамед Сманов қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Түркістан ...

Читать далее »

Жетісайда «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» акциясы өтті

Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев ауылдық мәдениет үйі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты облыстық акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауыл кітапханалары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, өз өлкесінің әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды өскелең ұрпаққа таныту, киелі, қасиетті мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми ...

Читать далее »

Түркістан: Сауранда әулетімен трансформатор жөндеуді кәсіп еткен отбасы тұрады

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Сапар аясында журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған «Рамазан» ЖК трансформаторларды жөндеу цехының жұмысымен танысты. Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының басым бөлігі. Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногының ең талапты және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының ...

Читать далее »

Патерналистік көңіл-күй мен масылдықты төмендету шаралары

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі адамдарды сыртқы көмекке жүгінуге мәжбүр етеді. Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан және оның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын аймақтардың бірі болып табылады. Бұл мақалада Түркістан облысындағы патерналистік көңіл-күй мен масылдықты төмендету мақсатында қабылданған шаралар мен олардың нәтижелері талқыланады, — деп хабарлайды turkistan.today Кәсіби дағдылардың төмен деңгейі, білім беру жүйесінің кемшіліктері және еңбек нарығында қажетті білім мен дағдыларды ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында Қазақстанда теңдесі жоқ қыш зауытының капсуласы салынды

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады. Облыс әкімі жобаны уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты. – Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған ...

Читать далее »

Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылады

Түркістан облысында инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жанданып келеді. Осы бағытта Ордабасы ауданы «Бадам» индустриалды аймағында жаңа инвестициялық жобалардың құрылысы басталған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, алюминий профиль бұйымдарын шығаратын ««Central Asia Aluminum Company» ЖШС-ін аралап, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесті. – Біздің өңірде жұмыс орындарын ...

Читать далее »

Отырар ауданында түйе сүтінен ұнтақ өндіретін кәсіпорын іске қосылады

Отырар ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 66,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 300 млн теңгеге артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы — 33,3 млрд теңге, тартылған инвестиция — 23,6 млрд теңге, сауда — 2,8 млрд теңге, өнеркәсіп — 22 млрд теңге, құрылыс көлемі — 8,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Отырар ауданының әкімі ...

Читать далее »

Түлкібас ауданында инвестициялық құны 68 млрд теңгеге жуық 10 жоба жүзеге асады

Түлкібас ауданында 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 67,5 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Одан түсетін болжамды салық көлемі 97,7 млн теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, 858 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоспарға енген жобалардың ішінде «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС зауыты бар. Онда каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндірілмек. Сонымен қатар, «Azia Food Company» ұн диірмені де алдағы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топ өкілдерімен кездесті

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы айтылды. – Қасиетті Түркістанға қош келіпсіздер. Өздеріңіз білесіздер, Президент тапсырмасымен заң жобасы әзірленіп, сіздердің қарауларыңызға ұсынылды. Бұл заң жобасының Түркістан үшін маңызы зор. Түркістанның тарихи келбетін, ескерткіштері мен мұраларын ...

Читать далее »

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. – Бірінші кезекте өзіндік кіріс көздерін арттыру маңызды. Зауыттар, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмысын жандандыру керек. Аудан, қала әкімдері мен басқарма ...

Читать далее »

Сауран ауданының әкімі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Аудан әкімі жұмыс сапарымен су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатында Шаға ауылдық округінің елдімекендерін аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Су жүйелерінің жағдайы мен оларды жаңарту жұмыстарының барысын қадағалау мақсатында ұйымдастырылған сапар барысында әкім жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын тексеріп, жауапты мамандармен кездесті. Ағымдағы жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе елді мекендерінде жүргізілуде. Аталмыш жұмыстардың басты міндеті ...

Читать далее »

Түркістанда Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Түркістанда ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өмірін өлеңімен өрнектеген Ханбибі» әдеби-сазды кеші өтті. Шығармашылық кешті жүргізу үшін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов жүргізді. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, қаламгерді мерейлі жасымен құттықтады. ...

Читать далее »

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесiнде жыл соңына дейін табысы кедейлiк шегiнен төмен тұратын азаматтардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайту жоспарланып отыр. Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Облыстық жұмыспен қамтуды ...

Читать далее »

Түркістан: Саурандық делегация Түркияның Кония қаласына іссапармен барды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арнайы топ Кония қаласының Қаратай ауданында болып, екі бауырластық меморандумына қол қойылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар ...

Читать далее »

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәслихаттың бұрынғы төрағалары, ардагерлер, Түркістан өңірінің депутаттары қатысты. Маңызды жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды депутаттарды және көпшілікті Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтады. – Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: ...

Читать далее »

Түркістандық екі студент «Worldskills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатында алтын иеленді

Астана қаласында 11 және 18 қараша аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Республикалық сайыста Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола және 11 ерекше медальонға ие болды. Ал республика бойынша жалпы командалық есеппен Түркістан облысы 6 орыннан көрінді. Нақтырақ айтқанда, ...

Читать далее »

Түркістан қаласында бой көтеретін сәулеттік жобалар таныстырылды

Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта ...

Читать далее »

Түркістанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытуға бағытталған жоба қорытындыланды

Түркістанда «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» жобасы қорытындыланды. «Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға арналған маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар облыстың дамуында шешуші рөл атқаратын жобаның жеңімпаздарын құттықтады. Алты ай көлемінде жүзеге асқан жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан ұйымдастырылған. Жоба ...

Читать далее »
Яндекс.Погода