Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы

2025 жылғы 25 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырып өтті.

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Н.Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Күн тәртібінде 21 маңызды мәселе қаралды.

Сессияда облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, Түркістан облысының ветеринария басқармасының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия шарттарының және келісімшарттардың орындалу барысы туралы мәселе қаралды.

Депутаттар есептер бойынша пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын енгізді. Атап айтқанда, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына:
— мерзімді әскери міндеттілерді әскерге жіберу алдында сапалы түрде медициналық тексеруден өткізуді қадағалауды;
— облыс аумағындағы су тасқынының, ормандағы өрттердің алдын алу сондай-ақ, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қатаң бақылауға алуды ұсынды.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына:
— кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттардың міндеттемелерінің орындалуын қадағалауды;
— кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың жұмысына бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ, 2023 жылы сессияда Түркістан облысының ветеринариялық басқармасына мәслихат шешімімен ұсынылған ұсыныстардың тиісті деңгейде орындалмауына байланысты, Түркістан облысы әкімдігіне шешімді орындамаған лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды ұсынды.

Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Өз кезегінде облыс әкімі Н.Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Түркістан облыстық мәслихаты

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...