Түркістан: Әлем чемпионы Төлебиде өткен тазалық шарасына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Әлем чемпионы Төлебиде өткен тазалық шарасына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы қолға алынған. Мәселен бүгін Түркістан облысына қарасты, Төлеби ауданында сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем кубогының жеңімпазы және бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы, ережесіз жекпе-жектерден халықаралық турнирдің жеңімпазы, белгілі қазақ MMA файтері (11–5 рекорд), ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Арман Оспанов қатысты.

Біркөлік аймағында ұйымдастырылған тазалық шарасына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 100-ден астам мемлекеттік қызметкер мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Шара аясында 12 шақырым аумақ қоқыстан тазартылып, 6 арнайы техника көмегімен қалдықтар белгіленген орынға жеткізілді.

Сенбілік барысында демалыс аумағындағы қоқыстар жиналып, өзен жағалаулары, жол жиегі тазартылды. Шара барысында сөз алған әлем чемпионы мен аудан әкімі табиғат – баршаға ортақ байлық екенін атап өтіп, тұрғындарды экологиялық мәдениетті арттыруға және тазалықты сақтауға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...