Түркістан: Мақтаарал ауданы маңында жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша келіссөз жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Мақтаарал ауданы маңында жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестор Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жобаларды жүзеге асыруға ниетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз өндірісті өркендетуге жаңа зауыттар мен жұмыс орындарын ашуға басымдық беріп отырмыз. Инвесторларға инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жобаны сүйемелдеп, бірге жұмыс істейміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында әріптестік жөніндегі меморандум түзу бойынша келісім жасалды. Инвестор Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында электр жабдықтарын, пластмасса өнімдерін, жылу құбырларын және өзге де заттар шығаратын кәсіпорындар ашуды көздеп отыр. Сонымен бірге инвестиция тартып, бизнес орталық, жүк сақтау қоймаларын салу жоспарын да жеткізді. Бұл мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...