Түркістан облысының жерглікті бюджетіне 114,3 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының жерглікті бюджетіне 114,3 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы бойынша жиын өтті.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды.

— Облыс бюджетінің 2 тоқсан қорытындысымен сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қала әкімдері және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің заң талаптарына сәйкес бюджет кірістерінің әрбір көзінің сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде және сапалы игеру керек. Субъективті себептермен бюджет қаражатының игерілмей қалуына жол бермеу бойынша шаралар заң аясында қабылдау қажет, — деді Талғат Қозбеков.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 5 айында облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрап, республикада 1 орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 5 айдың қорытындысымен Үкіметпен жеткізілген межеге толық қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Жоспар 105,5%-ға орындалды. Өсім өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен орын алды.

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев облыс бойынша осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 114,3 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалғанын айтты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 16%-ға арқан.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймақ басшысының тұрақты бақылауында. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...