Түркістан облысы

Түркістан: Атақты Қапланбек жеміс-жүзім совхозына – 100 жыл

Сарыағаш ауданындағы ауыл шаруашылығының алтын діңгегіне айналған Қапланбек совхозына биыл – 100 жыл! Бір ғасырлық тарихы бар ауыл – тұтас елдің ауыл шаруашылығындағы ірі жетістіктерінің символы, табанды еңбек пен маңдай тердің шынайы жемісі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерейлі мерекеге орай Сарыағаш ауданында кең ауқымды салтанатты жиын өтті. Ауылдың торқалы тойына аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы ...

Читать далее »

«Ауылым Арыс жағасында» фестивалінің финалға қатысушылары толық анықталды

Бүгін аудан орталығында ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптейтін «Ауылым – Арыс жағасында» атты кезекті мәдени-рухани, танымдық іс-шара өтті. Шараға өнер сүйер қауым мен аудан азаматтары қатысты. Бүгінгі сайыста Жеңіс және Бөген ауыл округтері бақ сынасты. Фестиваль бағдарлама бойынша «Этно ауыл» демалыс аймағында ауылдар ұсынған ауқымды көрмемен басталды. Аудан әкімі Азат Оралбаев пен қонақтар Этно ауылдағы көрмені көріп, ой-пікірлерін білдіріп, байқауға ...

Читать далее »

Мәжіліс депутаты Түркістан облысындағы өндіріс орындарымен танысты

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Айта кетейік, облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асуда. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салынып, 308 млрд теңге инвестиция тарту және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазіргі таңда 11 жоба ...

Читать далее »

Мәжіліс депутаты іскер әйелдер қауымымен кездесті

Бүгін Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов партияның облыстық филиалында «REWOMEN» әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуде депутат қоғамдағы әйелдердің айрықша рөліне тоқталып, олардың жауапкершілік пен еңбекқорлықты жоғары қоятынын атап өтті. «Respublica» партиясы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің құрылуы – осының айқын дәлелі. Айтуар Асқарұлы іскер әйелдерді партиямен бірлесе отырып, түрлі салаларда белсенділік танытуға, ...

Читать далее »

Түркістан қаласында World Cleanup Day сенбілік шарасы өтті

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты. Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника ...

Читать далее »

Түркістан облысы көшет өндіруден республикада көш бастап тұр

Түркістан облысында орман қоры ұлғайып келеді. Қазіргі таңда өңірде 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қор жері бар, бұл облыс аумағының 30 пайызын құрайды. Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021-2027 жылдар аралығына кешенді жоспар әзірленіп, 110,2 мың га жерге 170 млн көшет егу жоспарланған. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан ...

Читать далее »

Түркістан қаласында World Cleanup Day сенбілік шарасы өтті

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты. Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника ...

Читать далее »

Жұмысшы мамандықтар жылы – жас буынға жаңа мүмкіндік!

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және отандық өнім өндірушілерді таныстыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен Түркістан жоғарғы көпсалалы қолөнер колледжі мен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 250 студенті «Түркістан» еркін экономикалық аймағындағы «Grand Miks» мебель құрастыру және «Kaztor LTD» ЖШС қоршау өнімдері өндірісімен танысты. ...

Читать далее »

Сарыағаш шипажайларын жаңғырту – емдік туризмді дамытудағы стратегиялық қадам

Сарыағаш ауданы – еліміздегі емдік-сауықтыру туризмінің маңызды орталықтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық демалыс аймақтары халықаралық талаптарға толық сай болуы қажет. Алайда бүгінгі таңда аудан шипажайларында шешімін күткен бірқатар өзекті мәселелер бар. Осы мәселелерді талқылау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кеңейтілген жиналыс өтті. Жиынға салаға жауапты барлық басшылар мен шипажай иелері қатысты. Облыс басшысы ...

Читать далее »

Түркістан: Келесте жастарға серпін берген келелі кездесу өтті

Келес ауданының қайта құрылғанына 7 жыл толуына орай аудан тұрғындары үшін тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Шараға танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, журналист-блогер Руслан Өтепбай, Әуесқой бокстан әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов, сондай-ақ аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев пен аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов қатысты. Кездесуге ауыл билері, ұстаздар, жастар, спортшылар және аудан тұрғындары келіп, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде еркін пікір алмасты. Спикерлер ...

Читать далее »

Түркістанда Turan Tigers командасының алғашқы ойыны!

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары! Сіздерді шайбалы хоккейдің нағыз тартысына куә болуға шақырамыз. TURAN TIGERS командасы алғаш рет өз алаңында ресми ойын өткізеді. Қарсылас – GORNYAK (Рудный) командасы. 21 қыркүйек – сағат 17:00 22 қыркүйек – сағат 19:00 Түркістан Мұз сарайы Бұл — TURAN TIGERS командасының Түркістандағы алғашқы ресми ойыны! Келіңіздер, қолдау білдірейік, бірге жеңіске жетейік! Кіру тегін. Баршаңызға есік ...

Читать далее »

Ордабасы: Маңызды жобалар қадағаланды

Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл ауылдық округіне барып, бірқатар маңызды жобалардың барысын тексерді. Алдымен Қызылжар ауылындағы мәдениет клубына аялдап, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты бөлім басшысына мәдени орталықтың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Келесі кезекте Қызылжар ауылындағы жаңа ауызсу жүйесі жұмыстарының қарқынына назар аударды. Ары қарай Арыстанды елдімекеніндегі газдандыру жұмыстарының барысын қадағалады. Жұмыс жүргізушілерге тұрғындарды ...

Читать далее »

Түркістан: Отырардағы жәрмеңкеде тұрғындарға 1000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды

Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жұмыспен қамту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округіндегі «Түркістан агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің өндіріс орнында Жұмысшы мамандықтар жылына орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге өндіріс процесі таныстырылып, 44 бос жұмыс орны ұсынылды. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жұмыс іздеушілерге инвестициялық жобалардың ...

Читать далее »

Түркістан облысында 8 айдың қорытындысымен 101 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты

Түркістан облысында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын құру көзделген. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Президент тапсырмаларының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ...

Читать далее »

Түркістанда оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты

Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, “Смартфонсыз мектеп” жобасын ұсынды. Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады. Осыған дейін Оқу-ағарту министрі ...

Читать далее »

Н.Көшеров Корея республикасының елшісімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Икпен ресми кездесу өткізді. Жүздесуде тараптар екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ өңірлік серіктестікті кеңейту жолдарын талқылады. Кездесу барысында инвестиция, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп және туризм салаларындағы ықпалдастықты дамыту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Облыс әкімі мәртебелі мейманға Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуеті мен стратегиялық бағыттары ...

Читать далее »

Түркістан мен Хубэй: Жаңа мүмкіндіктер жолы

Түркістан облысы мен Қытайдың Хубэй провинциясы арасында қол қойылған Жол картасы – екі өңір арасындағы сенімді әріптестіктің нақты қадамы. Бұл – жүзеге асатын нақты жобаларға толы іс-шаралар жоспары. Бұл келісім не береді? Инвестиция келеді. Қытайдың алпауыт өндірістік орталығы Хубэй – Түркістанда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын. Бұл дегеніңіз – жаңа зауыттар, жұмыс орындары, табыс көзі. Білім мен ғылым дамиды. Түркістан ...

Читать далее »

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы жобалар бойынша жол картасына қол қойылды

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдан келген Хубэй провинциясы Халық Үкіметі төрағасының орынбасары Ма Гоцян бастаған ресми делегацияны қабылдады. Келіссөздер барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды талқылап, Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды. Аталған құжат Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы ...

Читать далее »

Түркістан облысы – ұлттық жобаны іс жүзінде іске асыруды бастаған елдегі алғашқы өңір

Түркістан облысы – өңірлерінің ішінде Ұлттық жобаны іске асыруды бастаған алғашқы аймақ. Өңірдегі жобаларға тартылған жалпы инвестиция көлемі 6,9 млрд теңгеден астам. Бұл көрсеткіш облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші әрі энергетика мен инфрақұрылым саласына озық шешімдерді енгізудің орталығы ретіндегі мәртебесін айқындайды. Ұлттық жоба: Стратегиялық мақсат Энергетика мен инфрақұрылым саласындағы Ұлттық жоба – бұл коммуналдық желілерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама. ...

Читать далее »

Түркістан: ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобалар жанданады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мустафа Сарвармен және ҚР Ұлттық статистика бюросының өкілдерімен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде экономикалық өсімді әрбір баланың жарқын болашағын құруға бағыттау жолдары талқыланды. Балалар мен жастардың жағдайы туралы өзекті деректер негізінде дайындалған зерттеу нәтижесі сөз болды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров балалардың құқығын қорғау, ...

Читать далее »