Мәжіліс депутаты Түркістан облысындағы өндіріс орындарымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәжіліс депутаты Түркістан облысындағы өндіріс орындарымен танысты

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Айта кетейік, облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асуда. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салынып, 308 млрд теңге инвестиция тарту және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазіргі таңда 11 жоба жүзеге асырылып, 790 жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл қосымша 29 ғимараттың құрылысы аяқталып, 26 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 136,8 млрд теңге инвестиция тартылып, тағы 1 950 адам жұмыспен қамтылады.

Сапар барысында депутат «Жасыл суық» тоңазытқыш зауытына барып, өндіріс барысымен танысты. Кәсіпорын басшыларымен кездесіп, зауытты әртараптандыру, құжаттамалық рәсімдер, арнайы зертхана ашу және заңнамалық қолдау мәселелерін талқылады.

«Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясының жалпы құны 60 млн еуро болатын жобасы жылына 140 мың дана тоңазытқыш өндіруге қауқарлы.

Айтуар Асқарұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған бастамаларға тоқталып, оларды жүзеге асыруда кәсіпорындардың рөлі айрықша екенін атап өтті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...