Ордабасы: Маңызды жобалар қадағаланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Маңызды жобалар қадағаланды

Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл ауылдық округіне барып, бірқатар маңызды жобалардың барысын тексерді.

Алдымен Қызылжар ауылындағы мәдениет клубына аялдап, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты бөлім басшысына мәдени орталықтың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Келесі кезекте Қызылжар ауылындағы жаңа ауызсу жүйесі жұмыстарының қарқынына назар аударды. Ары қарай Арыстанды елдімекеніндегі газдандыру жұмыстарының барысын қадағалады.

Жұмыс жүргізушілерге тұрғындарды сапалы ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету — басым бағыттардың бірі екенін айтып, жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын міндеттеді. Әрбір жобаның орындалуы аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, «Көксарай АБК» ЖШС-нің мақта алқабына барып, мақта терім жұмыстарының қарқынымен танысты. Терімге жаңа техникалар тартылып, еңбек өнімділігі арта түскен.

Аудан әкімі шаруалардың еңбегін жоғары бағалап, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін, ауданымыз үшін аграрлық сектордың аса маңыздылығын атап өтті.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...