Жұмысшы мамандықтар жылы – жас буынға жаңа мүмкіндік! — Xnews — ақпарат агенттігі

Жұмысшы мамандықтар жылы – жас буынға жаңа мүмкіндік!

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және отандық өнім өндірушілерді таныстыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен Түркістан жоғарғы көпсалалы қолөнер колледжі мен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 250 студенті «Түркістан» еркін экономикалық аймағындағы «Grand Miks» мебель құрастыру және «Kaztor LTD» ЖШС қоршау өнімдері өндірісімен танысты.

Ашық есік күнінде студенттерге өндіріс технологиясы түсіндіріліп, өнім түрлері көрсетілді. Жұмысшы мамандардың ел экономикасына қосар үлесі баяндалып, жастарға еңбекқорлық пен нағыз маман болу құндылығы насихатталды.

Жыл басынан бері облыс көлеміндегі 37 ірі өндіріс орнында ашық есік күндері ұйымдастырылып, оған:
7 мыңнан астам мектеп оқушылары,
5 мыңға жуық техникалық және кәсіптік білім алушылары,
3 500-ден аса жұмыс іздеушілер қатысты.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...