Түркістан қаласында World Cleanup Day сенбілік шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында World Cleanup Day сенбілік шарасы өтті

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды.

Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқ жолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі қала тұрғындарын тазалыққа белсене атсалысуға және өздері тұратын аймақтарды таза ұстауға шақырады.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...