Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды. Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді. Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары ...
Читать далее »Түркістан облысы
“Заң мен тәртіп: Жастармен ашық диалог”
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Түркістан” жоғары көпсалалы мелициналық колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу мақсаты — жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мәселелері бойынша түсінік беру және құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру. Кездесуге Түркістан облысының адвокаты Бекжан Кыдырбаев, Түркістан облысының жеке сот орындаушы Даурен Бектибаев, Түркістан облысының нотариус маманы Гулхаё Раметова мен ...
Читать далее »Сайрамда сүт өңдеу зауыты ірімшіктің 13 түрін өндіреді
Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Қайнарбұлақ ауыл округі, Таскешу ауылындағы «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-ң банан өсіретін жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Бүгінде компания 5,3 га жерге жылыжай салып, банан өсіруде. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі деп күтілуде. Заманауи жылыжай жылына шамамен 1000 тонна банан өнімін ...
Читать далее »Арыста 50 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр
Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынуда. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізіліп жатыр. «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысу үшін баспасөз-туры өткізілді. Шара аясында журналистер ерекше жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты. «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен жұмысын жүргізбек. Онда жаңбырлатып суару әдісі арқылы мал азығы дақылдарын дайындау ...
Читать далее »Түркістан: «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Бір колледж – бір өнім» жобасы қолға алынады
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді. «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. ...
Читать далее »Түркістан облысында биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету, тұрғын үй қоры мәселелері кеңінен сараланып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі талқыланды. Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді, баспана кезегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң ескертті. – Басты мақсат – қаржы мүмкіндігіне қарай халықты тұрғын үймен ...
Читать далее »Түркістан: Тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды
Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінің қоғамдық қабылдау алаңында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады. Әкім орынбасарымен бетпе-бет кездесуге Сайрам, Жетісай, Келес, Ордабасы аудандарының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі мәдениет, спорт және ақпараттық салаларға қатысты болды. Атап айтқанда, БАҚ-қа қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс мәселелері бойынша өтініштер, облыстың құрметті азаматы мәртебесін беру, «Еңбек ардагері» ...
Читать далее »Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы өтті
Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда Түркістан облысы мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті. Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ...
Читать далее »Түркістан: 112 кәсіпкерлік нысанға ескерту берілді
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде қала аумағындағы құрылысы жүріп жатқан кәсіпкерлік нысандарының жағдайы, қасбеттерін ретке келтіру және қоғамдағы саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен қала идеологиясын дамытуға қатысты маңызды мәселелер тыңдалды. Бүгінде қала аумағында кәсіпкерлік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде, қазіргі уақытта қалада жаңа бизнес орталықтар мен өндірістік нысандардың салынуы ...
Читать далее »Түркістандық сарбаз “Үздік шекарашы” атанды
Түркістандық сарбаз Бексейіт Кәдірбек “Шекараны үздік күзеткені үшін” медалімен марапатталды. ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаевтың және Шекара қызметі директоры генерал-майор Ерлан Алдажұмановтың Алғыс хаттарын алған азамат Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Келтемашат ауылында 2001 жылы дүниеге келген. Бексейіт Қаныбекұлы ҚР бойынша 2024 жылдың “Ең үздік тәрбиеші офицері” атанған. Бүгінгі таңда ел шекарасын Шығыс Қазақстан облысы аумағында қорғап жатқан азамат Қазақстан ...
Читать далее »Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды
Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 Жарлығына сәйкес, Түркістан қалалық соты – Түркістан қаласының ауданаралық соты болып өзгертілді. Әділбек Ғұламұлы 1965 жылы 1-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сот жүйесінде еңбек өтілі 27 жыл.Еңбек жолын Қазығұрт ауданы сотының қызметкері ретінде бастаған. 2014 – 2018 ...
Читать далее »Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады
Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады. Жоспарға сай биыл түркістандық жастар Наурыз айынан бастап ағаш, гүл көшеттерін отырғызуға белсенді араласады. Сонымен қатар, аудандардағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды. Жиынға 17 аудан-қала жастар орталықтарының басшылығы «ZOOM» желісі арқылы қосылды. Бүгінде өңірде «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс ...
Читать далее »Түркістан облысында 500-ге жуық білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген
2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Бұл жайында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов брифингте мәлімдеді. «Облыстағы 441 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде, 407 мекеменің білім беру қызметі — ...
Читать далее »Түркістан облысында 4 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтаталды
Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Жүзенов мәлімдеді. «Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен былтыр 4 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде «Charoit», «Eoulus», «Chia-Tai», «Q-Net» қаржылық пирамидаларының жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық іс 25 күдіктіге қатысты болды. Нәтижесінде 1 000-нан аса жәбірленушілерден 400 млн теңге жымқырған. Бүгінде департамент тарапынан «Datamain Ai», «Асар баспана», «Chia-Tai» қаржылық пирамидаларына қатысты қылмыстық ...
Читать далее »Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған республикалық бокс турнирі өз мәресіне жетті
Түркістанда Олимпиада чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық бокс турнирінің жабылу салтанаты өтті. Турнир төрт күн бойы жалғасып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 200-ден астам жас спортшы өз шеберліктерін көрсетіп, 14 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде ең үздік боксшысы ...
Читать далее »Түркістан: Шардарада балық және жүгері шаруашылығы жаңаша бағытта дами түседі
Түркістан облысының аудан, қалаларында балық шаруашылығына ден қойылып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылған. Бүгін облыс басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы «Хамит» АӨК балық өндіру зауытын аралап, жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын иесі – Бақытжан Серманизов өндіріс нысанының жұмыс жүйесін баяндады. Бұл – облыс көлеміндегі балық өнімдерін өңдейтін ең ірі зауыт. «Хамит» өндірістік кооперативі жылына 2 ...
Читать далее »Түркістан: Шардара ауданында 1200 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталды
Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жасаған сапары аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 1200 орындық білім ошағын аралап, құрылыс сапасын қадағалады. Ауданда пилоттық жоба аясында 2 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі таңда 1200 орындық мектептің құрылысы толық аяқталған. Мұнда 150 жұмыс орны ашылмақ. Заманауи үлгідегі қос білім нысаны инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Жалпы алаңы 4,2 гектар аумақты құрайтын мектептің құрылысы ...
Читать далее »Нұралхан Көшеров Жетісайдағы білім, ауыл шаруашылығы, су нысандарын аралап, мәселелерімен танысты
Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар нысанның жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Ең алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл ретте жұмыс сапасының ақсамауын ескертіп, мектептің құрылысын 2025 жылдың мамыр айында аяқтауды тапсырды. Заманауи білім ордасының құрылысын «Bazis Construction» ЖШС жүргізіп ...
Читать далее »Түркістан: Сайрамдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі пысықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысының Сайрам ауданында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында 2023 жылы іске қосылған «OZGE» спорт кешеніне арнайы барды. Аталған нысан жеке кәсіпкер тарапынан салынып, 450 млн. теңге ...
Читать далее »Түркістан: Сайрамдағы инфрақұрылым, мәдениет және әлеуметтік нысандарының мәселелері сарапталды
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Ең алдымен Қарабұлақ ауылын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қарабұлақ ауылында қазіргі таңда 53 мыңнан астам халық бар. Ауылда орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп, мәселені түбегейлі шешу проблемасы ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
