Түркістанда Қостанай театры «Менің атым Қожа» спектаклін сахналады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Қостанай театры «Менің атым Қожа» спектаклін сахналады

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының 25 жылдық мерейтойына арналған гастрольдік сапары аясында Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы «Менің атым Қожа» спектаклі ұсынылды.

Қойылым Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театрының сахнасында өтті. Түркістан жұртшылығы спектакльді зор ықыласпен қабылдап, жас актерлердің шынайы өнеріне ерекше ризашылық білдірді.Қазақ балалар әдебиетінің алтын қорына енген бұл шығарма сахнада жаңаша тыныс алып, Қожа бейнесі арқылы балалық шақтың тазалығы, арман мен шындыққа толы ішкі күресі көрерменге терең әсер сыйлады.

Айта кетейік, қойылымның режиссері талантты жас режиссер Ералхан Мырзахмет. Оның заманауи режиссерлік көзқарасы спектакльдің мазмұнын жаңа қырынан ашып, жас көрермендермен қатар ересек аудиторияның да көңілінен шықты.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...