Түркістан облысының ауыл шарушылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының ауыл шарушылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді

Бүгін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылады.

Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы облысқа тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Одан бөлек, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 23,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,5 есеге артқан.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбековтың сөзінше, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 34,3 мың гектарға ұлғайып, 906,8 мың гектарға егілді. Осы ретте, облыстың табиғи климаттық ерекшелігіне орай, ерте пісетін бақша, көкөніс, картоп өнімдерін жинау қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл облыс көлемінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау жоспарланған. Бүгінгі күнге 2,6 млн тонна өнім жиналған.

Айта кетейік, Алматы қаласында 27-28 қыркүйек күндері оңтүстік өңірден тарту ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Аталған шара Панфилов көшесі мен Қазыбек би көшесінің қиылысындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы саябақтың автотұрағында ұйымдастырылады.

Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...