Түркістанда «Қолөнершілер қалашығының» салтанатты ашылуы өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Қолөнершілер қалашығының» салтанатты ашылуы өтеді

Түркістан төрінде тағы бір айтулы оқиға — «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің ашылуы! Көне Түркістан – тек тарих пен руханияттың ғана емес, ұлттық өнердің де ордасына айналуда.

Биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Осыған орай 27 қыркүйек күні күндері
Түркістанда «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» атты халықаралық фестиваль өтеді.

Ұлттық өнер — ұрпаққа мұра.

Шара аясында:
• Қолөнер бұйымдарының көрмелері
• Шеберлік сағаттары
• Ұлттық киімдер мен бұйымдардың жәрмеңкесі
• Түрлі мәдени-танымдық бағдарламалар өтеді.

Қалашық ішінде:
• 20 шеберхана
• 2 шоурум
• Көрме залы
• Мейрамхана
• Қонақүй
• Туристік инфрақұрылым қарастырылған.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қолөнершілер қалашығы («Керуен сарай» кешенінің жанында)
Күні: 27 қыркүйек
Уақыты: сағат 12:00
Келіңіздер, көріңіздер, рухтаныңыздар!

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...