Түркістан облысы

Түркістанның жеті айдағы даму көрсеткіші

Соңғы алты жылда қала облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Киелі шаһардың экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуі дәстүрлі жалғасын тауып келеді. 2024 жылдың алғашқы жартысында қалада көптеген игі істер жүзеге асырылды. Экономикалық дамудың көрсеткіштері тұрақты өсу қарқынын көрсетті. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй салу, әлеуметтік ...

Читать далее »

«Түркістан дауысы – 2024» – болашағы зор жоба

Биыл төртінші рет ұйымдастырылған «Түркістан дауысы – 2024» жас орындаушылар байқауы мәреге жетті. Шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, өнерге қолдау көрсету, рухани және мәдени құндылықтарды арттыру мақсатында өткізіліп, дәстүрге айналып келе жатқан өнер додасын ерекше, болашағы зор жоба деп бағалаған жөн. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18-35 жас аралығындағы 18 жас дарын Түркістан аспанын екі күн бойы әнге бөлеп, өнер сүйер қауымға мерекелік ...

Читать далее »

Киелі шаһар төлқұжаты «Түркістан»

Қазан айының 4-ші жұлдызы – осыдан 94 жыл бұрын алғашқы нөмірі жарық көрген «Түркістан» газетінің туған күні. Яғни, алтын алқапта астығы мен ақ мақтасы тербеліп, еткен еңбектің жемісін жинайтын берекелі күздің осынау жаймашуақ күні – бояу иісі аңқыған төл газетіміздің оқырман қолына тиіп шаттыққа бөленген күн! Газеттің жарыққа шығуының табиғат маусымының осы кезеңімен астаса келуінің өзінде бір жарасымды үндестік бар ...

Читать далее »

Креативті индустриядағы Түркістанның білім көшбасшылары

Креативті индустрия – XXI ғасырдың ең өзекті бағыттарының бірі, ол қоғамның мәдени, әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі ықпал етеді. Креативті индустрияның негізі білім беру жүйесінде қаланады, себебі шығармашылық пен жаңашылдықты дамыту, жастарды ойлауға және өз идеяларын жүзеге асыруға үйрету – ұстаздардың басты міндеті. Түркістан қаласы – өзінің тарихи-мәдени байлығымен қатар, білім саласындағы көшбасшыларымен де танымал. Бүгін біз Түркістанның төрт ұстазы: ...

Читать далее »

Сауран: МӘМС және отбасының цифрлық картасының орындалуы бойынша жиналыс өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, білім, денсаулық салалары және жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округтерінің жауапты мамандары қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік ...

Читать далее »

Мәслихат депутаттары Үкімет мүшелеріне мазалаған сұрақтарын қойды (видео)

Мәслихат депутаттарының II республикалық форумы аясында 4 бағыт бойынша панельдік сессиялар өтті, деп хабарлайды 24kz. «Amanat» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Үкімет мүшелеріне, министрлерден бастап вице-премьерлерге дейін өз сұрақтарын қойды. Сессияға қатысушылар денсаулық сақтау, оқу ағарту, жоғары білім, мәдениет және ақпарат, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне өңірлерде қордаланған мәселелерді айтып, ұсыныстарымен бөлісті. Мәслихат депутатары көтерген мәселелердің дені медициналық қызмет, ...

Читать далее »

Түркістан: Ана мен бала құқығын қорғауға қатысты түйткілдер тарқатылды

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Алдымен «Дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының» қызметі туралы Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды. Отбасын қолдау орталықтары 12 аудан, қалада ашылған. Оның ішінде коммуналдық ...

Читать далее »

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыру жұмыстары бойынша көшбасшылар қатарында тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомартт Тоқаев ауылдарды дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан өңірінде жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Нәтижесінде Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастады. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңнан астам халық немесе облыс тұрғындарының 81 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылған. Бұл – еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір ...

Читать далее »

Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен, сапалы электрмен қамту жұмыстары қарқынды

Түркістан облысындағы ауылдар мен елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл мәселелерді тұрақты бақылауына алған. 2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 807 елді мекеннің 737 елді мекені (7 қала, 730 ауылдық елді мекен) немесе 91,3% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда 70 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Облыс аумағындағы елді мекендерді ...

Читать далее »

Түркістан: Мамандар жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

2024 жыл басынан бері облыста газ баллондарының жарылуы бойынша 9 жағдай тіркеліп, салдарынан 14 адам жарақат алды. Жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, немқұрайлы қарауына байланысты орын алып отыр. Бұл туралы өткен брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Педен мәлімдеді. «Жалпы айтқанда өрттің алдын алу мақсатында басқарма тарапынан түсіндіру жұмыстары ...

Читать далее »

Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылғы 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпы ұлттық референдум өтеді. Осы мәселеге қатысты “Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі” МКҚК-ны оқытушы-қызметкерлерімен жиналыс өтті. Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндігі айтылып. Барлық қызметкерлерге референдумға барып дауыс беруге шақырды.

Читать далее »

Түркістан облысында апатты мектеп күрделі жөндеуден өтті (видео)

Түркістан облысының Төлеби ауданында 2010 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты 3 жылдан кейін сыр берді. Қостөбе ауылындағы 150 орындық білім ұясының едені отырып, қабырғасы жарылған. Арада 12 жыл өткенде аудандық соттың шешімімен мектеп ғимараты апатты деп танылып, оқушылар көрші ауылға тасымалданды. Апатты мектепке бірнеше рет сараптама жасалған соң биыл білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Жаңа мектептің жай-күйі қалай? Жөндеу жұмыстары ...

Читать далее »

Түркістан: Келестік ұстаз әлем тілдерінен 100-ден аса өлеңді қазақ тіліне аударған

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Робия Дустанова қазақ классик ақындарынан және қазіргі қазақ поэзиясынан 135 өлеңді өзбек тіліне аударған, сонымен қатар 111 өлеңді қазақ тіліне аударма жасаған. Дарынды мұғалім Қазақстанға 2000 жылдардың басында көшіп келген. Қазіргі таңда аталған білім ордасында жас өрендерді тәрбиелеп, балаларға сапалы білім беруде. — ...

Читать далее »

Түркістан: Өңір қолөнершілерінің жұмысы жанданады

Түркістан облысы – туризм саласын дамытуда әлеуеті жоғары өңір. Әсіресе, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндіктер бар. Облыста туризм саласын дамытумен қатар ұлттық қолөнер ісін дамыту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыс қолөнершілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында облыстың саланы дамытуға, қолөнершілердің кәсібін өркендету мақсатында арнайы механизмдер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. ...

Читать далее »

Ардақты ардагерлер қасиетті Түркістанда бас қосып, құрметке бөленді

Түркістан облысында 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Унгай. Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі кең көлемде аталып өтеді. ...

Читать далее »

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын ...

Читать далее »

Патерналистік көңіл-күйді төмендетудің жолдары

Патерналистік көңіл-күй, әсіресе әлеуметтік және саяси контекстте, мемлекеттің немесе басшылықтың азаматтардың өміріндегі артық бақылауын және олардың шешім қабылдау қабілеттеріне шектеулер қоюын білдіреді. Бұл көңіл-күй қоғамдағы белсенділікті, дербестікті төмендетіп, халықты мемлекетке тәуелді ететін факторлардың бірі болып табылады. Түркістан облысында патерналистік көңіл-күйді төмендетудің маңыздылығы, оның жолдары мен қоғамға тигізетін әсері осы мақалада талқыланады,- деп хабарлайды turkistan.today 1. Патернализм және оның қоғамдағы көрінісі ...

Читать далее »

Түркістан қаласының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды ...

Читать далее »

М.Таңғатаров: Ауданда туризм саласын дамыту бағытында кешенді шаралар қабылдау қажет

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжіліске әкімдік мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда аудан көлемінде туризм саласын дамыту бағытында атқаралып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы кәсіпкерлік және ...

Читать далее »

Сауран ауданының әкімі қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетті

1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қазыналы қарияларымыздың шаңырақтарына арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Мақсат Таңғатаров ардагерлеріміздің жүріп өткен жолы – елдік пен ерлік жолы екенін айтты. Ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың әділдікті, елдікті, ақиқатты ту етіп жүріп өткен осынау жолы жас ұрпақты әрқашан ерлікке, Отанды сүюге бастайтынын ...

Читать далее »