Сауран ауданының әкімі Шағалық тұрғындармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады

2024 жылдың ІІ жартыжылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың дамуы мен алдағы жоспарлар туралы пікір алмасты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге аталған ауылдық округтің әкімі Ырысғали Жұманов қатысып, 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен жүзеге асқан жобалар жөнінде қорытынды баяндамасын жасады.

Баяндама барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар туралы айтылды. Ауылдық жолдар жөнделіп, қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға ықпал етті. Ауыл шаруашылығы саласы да ерекше назарға алынды. Әлеуметтік салада да бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жастарға арналған түрлі жұмыс орындары ашылып, кәсіби білім алу үшін мүмкіндіктер кеңейтілді.

Кездесуде ауыл тұрғындары өз ұсыныстарын білдіріп, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға қатысты пікірлерін айтты. Олардың айтуынша, қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Тұрғындар мектептер мен медициналық мекемелердің жай-күйін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Инфрақұрылым жүйесін жақсарту мен жарықтандыру мәселесін көтерді. Бұл ұсыныстар аудан әкімінің назарына алынып, нақты шешімдер қабылданатыны айтылды.

Алдағы жоспарлар мен перспективалар бойынша Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өз сөзінде ауданның одан әрі дамуы үшін бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлік секторын қолдау, өндірістік аймақтарды құру және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары басты назарда болатынын атап өтті. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын және әрдайым халықпен тығыз байланыста болатынын жеткізді. Сонымен қатар, айтылған ұсыныстар мен пікірлері алдағы жоспарларды іске асыру барысында ескерілетінін айтты.

x

Check Also

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан ...

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және ...