«Таза Қазақстан»: Төлебидегі сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысқан — Xnews — ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан»: Төлебидегі сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Бүгінде Түркістан өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Түркістан облысында бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1 миллионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.

Мәселен бүгін Төлеби ауданында акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, қураған ағаштар бұталып, жол бойлары ретке келтірілді. Сенбілікке барлығы 1200 адам мен 18 техника жұмылдырылған. Бүгінде ауданда әр аптаның жұма және сенбі күндері тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...